Президент Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Уақыты: 2020-05-02 Көрлімі: 604 Сипаттама

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төте...

95385472_2790006074456140_3931528387478159360_n.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты пікірін твиттердегі парақшасында білдірді.

«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан обл. Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін ПМ Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым», - деп жазады президент.

 1 мамырда  Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басқан.  Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су басып кетті. Облыстық маңызы бар «Мырзакент - Жеңіс - Жаңа тұрмыс» автомобиль жолын су басып, көлік жүре алмауда. Төрт ауылдан 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Сондай-ақ Түркістан облысында су тасқыны қаупі төнген 3 ауылдың халқы эвакуацияланып жатқанын ҚазАқпарат хабарлады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықты сабырға шақырып, төтенше жағдайды реттеуге аймақтың толық мүмкіндігі бар екенін айтты.



Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
    Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтады

    Ұқсас тақырыптар