А. Аймағамбетов: Талапкерлер ЖОО-ға құжатты электронды түрде тапсырады

Уақыты: 2020-05-12 Көрлімі: 547 Сипаттама

Еліміздегі барлық Жоғарғы оқу орындары мен колледждер талапкерлеріндің құжаттарын эл...

_793-446.jpg

Еліміздегі барлық Жоғарғы оқу орындары мен колледждер  талапкерлеріндің құжаттарын электронды түрде қабылдай бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты. 

«Цифрландыру мәселесі өте өзекті болып тұр. Біз биыл бірінші рет цифрлық режимде ҰБТ тапсыруға құжаттарды қабылдадық. Алдыңғы жылмен салыстырғанда құжаттардың саны біраз көбейді. Цифрландыру мәселесі ары қарай да біздің басты назарымызда болады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Минисирдің айтуынша, енді ЖОО мен колледждерге құжат қабылдау науқаны басталады. Бұл мәселені де қазіргі жағдайға сәйкес дұрыс жолға қойып, тиімді іске асыру керек.

«Жыл сайын 300 мыңнан астам түлек колледж бен ЖОО-ға құжаттар тапсырады. Құжаттар пакеті фотосурет, көшірме, куәліктен және басқа да 6 құжаттан тұрады. Бұл құжаттарды жинау үшін шамамен 4 мың теңге кетеді. Жыл сайын осындай құжаттарды тапсыруға 1 мрлд теңге жұмсалады. Сонымен қатар құжаттарды барып тапсыру, кезекке тұру керек. Мұндай қажетсіз кезекке тұруды болдырмау үшін құжаттарды қабылдауды автоматтандыру керек. Биыл барлық білім беру ұйымдарына қабылдау Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда кішкене апаттық жағдай орын алғандықтан, оның қалай жүзеге асырылатынын қазір көрсете алмаймыз. Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдайды», - дейді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары.

 ҚР Білім және ғылым министрі қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру жұмыстары жүргілетінін де айтып өтті. 

«Күні кеше мемлекеттік комиссия отырысы кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласына қатысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясындағы жұмыстар басталды. Оқу жылы 25 мамырға дейін қашықтан оқу форматында болады. Білім бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, цифрландыру мәселесі, қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру және тағы да басқа берілген тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - дейді А. Аймағамбетов.

Министр жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында бастауға жоспарлары барын айтты. 

«Жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталады деп сенеміз. Жаз айларында да министрлік білім басқармаларымен қоса жұмыстар жүргізетін болады. Қандай жағдай болса да төтеп беретіндей барлық жұмыстарды жүргізуіміз қажет. Мектепті балаларымыз да сағынды, ата-аналар да соны қалайды. Педагогтар де мектепте сабақ беруді асыға күтіп жүр. Біз, әрине, сондай жақсылыққа сеніп, дайын болуымыз керек. Келесі оқу жылын дәстүрлі түрде бастасақ деген жоспар бар. Дегенмен осындай жағдай қайталанбайтын сияқты болмау керек. Веб-технология, цифрландыру, қашықтан оқу мәселесін қолға алып, тиісті деңгейге жеткізуіміз керек», - дейді ол.


Пікір жазу
  • 11 мамырдан кейін қандай шектеулер күшінде қалады
    Президент жеке табыс салығының үдемелі өлшемін түсіндірді

    Ұқсас тақырыптар