Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды қандай препараттармен емдеуде

Уақыты: 2020-05-21 Көрлімі: 195 Сипаттама

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында сұхбат берген «СҚ-Фармация» ЖШС...

5246EA9F-6C5F-4341-A519-9E1CA5101343_w1080_h608_s_b.jpg

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында сұхбат берген  «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы Берік Шәріп Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды қандай дәрі-дәрмекпен емдеп жатқанын айтты. 

«COVID-2019 ауруы бойынша дәрігерлеріміз вирусқа қарсы біршама препараттарды пайдалануда. Оның бірі – алувиа лопинавиры. Ол сонымен қатар ВИЧ-инфекциясын жұқтырған пациенттердің ағзасына қысымды азайту үшін қолданылады. Жалпы коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі арнайы клиникалық хаттаманы бекіткен болатын.  Ол хаттамаға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеңес берген препараттар да енгізілді. Сол хаттамадан толық мәліметті алуға болады.  Жалпы дәрігер ретінде айтар болсам, коронавирус та – вирустың бір түрі. Сол себепті ағзаға түсетін вирустың қысымын азайту үшін қажетті препараттар қолданылады. Біз бұл препаратты (алувиа лопинавиры) 10 мың адамға арнап ақпан айының өзінде дайындап қойған болатынбыз. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы алдын ала гидрослихлорит, хлорино-фосфаттарды әкелдік. Осының бәрі де клиникалық хаттамаға сәйкес емге пайдаланылады», - деді Берік Шәріп.

Берік Шәріп аталған препараттардың қоры біздің елде жеткілікті екенін айтты.


Пікір жазу
  • Алдағы уақытта көлік жүргізушісі қандай құжаттар алып жүруі керек?
    Ораза айт – мұқтаждарға көмектесетін күн

    Ұқсас тақырыптар