Елжан Біртанов коронавирустан емделіп жатқан пациенттермен кездесті

Уақыты: 2020-05-22 Көрлімі: 198 Сипаттама

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында жаңа...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан салынған жұқпалы аурулар ауруханасына барып, коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан пациенттердің жағдайын білді, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Ведомство мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов модульдік кешенде орналасқан «И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» филиалында еңбек етіп жатқан дәрігерлермен жүздесті және науқастардың да жағдайын сұрады.

«Госпитальда жақсы жағдай жасалған, емделудеміз. Медицина қызметкерлері өте мұқият, әрдайым сөзімізді жерге тастамайды және қиын кезде үлкен қолдау көрсетті», - деді Анастасия Захарова (аты-жөні өзгертілді).

Министр де науқастың тез сауығып кетуін тіледі.

Аталған жұқпалы аурулар ауруханасында 280 төсек-орын, 6 клиникалық бөлімше, 28 төсектік реанимация бөлімшесі бар.




Медициналық жабдықтар: рентген жүйесі, компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, эндоскопиялық жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, мониторлар, перфузорлар және тағы басқалары орнатылған әрі жұмыс істейді.

Елжан Біртанов, әсіресе алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге ерекше көңіл бөлді. Министр әріптестеріне қиын да, жауапты сәтте көрсеткен адал қызметтері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлеріне арналған қосымша төлемдерге қатысты сөз қозғады.

"Маған жалақыдан басқа әлеуметтік төлемдер бөлінді"- деді бас медбике Сайраш Дикимова министрмен әңгіме барысында.


Пікір жазу
  • Ораза айт – мұқтаждарға көмектесетін күн
    Бейсен Құранбек атындағы сыйлық тағайындалды

    Ұқсас тақырыптар