ҚазҰУ түлектерге үлкен перспективалар ашады

Уақыты: 2020-06-02 Көрлімі: 926 Сипаттама

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан білімі мен ғылымынын ірі орта...

e3b631.jpg

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан білімі мен ғылымынын ірі орталығы. Университет басқа оқу орындарынан жоғары академиялық қабілеттілігімен, ғылыми зерттеулерімен  ерекшеленеді. Осы критерийлерге сәйкес ҚазҰУ әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының қатарында 2020-шы жылғы санаумен 207 орында тұр.  Университет елдегі жетекші жоғары оқу орны ретінде еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кіру жолында маңызды мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша мақсатты түрде жұмыс істейді. Және де «QS World University Ranking by Subject 2020» рейтингісінің нәтижелері бойынша “заманауи лингвистика”  мамандығы бойынша әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына енді.

ҚазҰУ түлектерге үлкен перспективалар ашады, үлкен қолдау көрсетеді. Мысалға айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Мен жастарға сенемін» атты студенттерге арналған Республикалық байқауын айтуға болады. Байқау жастардың патриотизмін, азаматтық жауапкершілігін, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

ҚазҰУ-нің көп деңгейлі білім беру жүйесіне мыналар кіреді: жоғары негізгі білім (бакалавриат), жоғары арнайы білім, магистратура және докторантура. Қабылдау мемлекеттік білім гранттары бойынша және келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Мамандар 180-нен астам мамандық бойынша оқытылады. Мұнда Қазақстан Республикасының азаматтары да, шетелдіктер студенттер де оқи алады. Университет түлектерінің арасында белгілі саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері бар(Олжас Сулейменов, Дариға Назарбаева, Жанна Қуанышева, және т.б).

Үлкен Алматы қаласынын орталығында орналаскан “ҚазҰУ-ті қалашығынын” адемілігі туралы айтуға сөз жетпейді. ҚазҰУ-ті қалашығынын қайнап жатқан студенттік өмирін көрген адамдар ешқашанда бұл бейнені  көз алдынан кетіре алмас.

Әл-Фараби атындағы қазұу-ті ТМД елдері арасындағы студенттер сарайы бар бірегей университет. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы әл-Фараби атындағы қазұу-ті қалашығынын інжу-маржаны.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Керемет» Студенттерге Қызмет Орталығы ірі университеттік қызмет көрсету орталығы болып табылады, өзінің құрылымы және функционалдық қызметі бойынша, қызмет түрлерін көрсететін және әлемдік кеңістікте толыққанды аналогы жоқ орталық болып табылады. Орталықты құру идеясы, университет ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа тиесілі.

Университет қызметкерлерінің мақсаты - ҚазҰУ-нін  бірінші ректорлары Асқар Закарин мен Өмірбек Жолдасбеков армандағанындай  әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру болып табылады. Университет Қазақстанның білікті мамандарын дайындайды, түлектердің басым көпшілігі қазақстандық қоғамның элитасына кіреді және елдің даму векторын қалыптастыруға қатысады. Бұл  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті үшін  ең маңызды нәтиже.

 

 Абдрасулова Ж.Т. , Тулеуханов С.Т., Тусупбекова Г.А.

Әл-Фараби Атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)



Пікір жазу
  • Бүгін - мемлекеттік рәміздер күні
    Алматы облысында санитарлық постар қойыла ма?

    Ұқсас тақырыптар