Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

Уақыты: 2020-06-08 Көрлімі: 754 Сипаттама

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің бас...

5524e7e7083ad43ec1673891fd552812_XL.jpg

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Камалжан Надыров мәлім етті.

«Бүгінгі күні қаладағы КВИ жағдайы тұрақталды, соңғы айда аурушаңдықтың орташа өсімі шамамен 2,3%-ға, соңғы аптада өсім 1,1 пайызды құрады. Қазіргі уақытта Алматы қаласында тіркелген КВИ жағдайларының саны – 2882, оның ішінде 1875 адам сауығып, емдеуден шығарылды, бұл тіркелгендердің жалпы санының 65%-ын құрайды, тек өткен аптада 323 адам емдеуден шығарылды. Өкінішке орай, өлім-жітім жағдайлары да болды – 10 адам КВИ-ден қайтыс болды, осылайша қазіргі уақытта 975 пациент емін жалғастыруда. Медициналық ұйымдар штаттық режимде бекітілген емдеуге жатқызу алгоритміне сәйкес жұмыс істеуде»– деді Қамалжан Надыров.

Қамалжан Надыров медициналық ұйымдар бекітілген режимде алгоритміне сәйкес жұмыс істейтіндігін атап өтті.

– Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды үйлестіру үшін жағдайға мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыратын коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі өңірлік штаб құрылды.

 – Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекция жағдайларының әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.

 – Коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша барлық мүдделі қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді.

Оның айтуынша, қазір қоғамдық денсаулық басқармасының негізгі күш-жігері медицина қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және медициналық көмек алу кезінде пациенттердің қауіпсіз болуына бағытталған. Медицина қызметкерлері барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, аурудың мүмкін болатын жаңа толқынына – күзгі кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«КВИ-мен күрес аясындағы жұмыстан басқа, басқарма стратегиялық міндеттерді іске асыру бойынша жұмыс атқаруда. Қала әкімі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды. Осыған байланысты, басқарма 2025 жылға дейін қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Жақын арада аталған жоспар сараптамалық қауымдастықпен талқыланатын болады. Бұл жоспарда алдағы қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 5 жылға арналған нақты бағыты айқындалатын болады. Атап айтқанда, қаланың кадрлық әлеуетін талдау және одан әрі дамыту, біліктілікті арттыру, жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілетін болады»,– деп қортындылады ол.

Сондай-ақ ол енді бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары болатынын айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін қорғау деңгейін күшейту жөнінде тапсырма берген болатын. Істің ағымдағы жағдайын есепке ала отырып, медициналық ұйымдардың ішінде инфекциялық бақылауды күшейту үшін, жақын арада қаланың барлық стационарларында бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары лауазымы енгізілетін болады. Бұл госпитальдық эпидемиологтардың мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды тартуға және сол арқылы стационарларда тиісті инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. МСАК ұйымдарында инфекционистерге, сондай-ақ, қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін айрықша өкілеттіктер берілетін болады»– деді Қамалжан Надыров.




Пікір жазу
  • Алматы облысында санитарлық постар қойыла ма?
    Шағын және орта бизнесті субсидиялайтын жаңа микронесиелеу бағыты іске қосылады

    Ұқсас тақырыптар