Пневмониямен ауыруханаларда жатқан 330 пациенттің жағдайы ауыр

Уақыты: 2020-07-07 Көрлімі: 460 Сипаттама

Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр. Бұл...

5eef55f775617252650522.jpg

Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгінгі күні ел бойынша стационарларда ПТР-тест нәтижесі (коронавирусқа) теріс, пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр. Одан басқа стационарларда КВИ бойынша ПТР-тест нәтижесі теріс ЖРВИ немесе басқа тұмау аурулары бар деген диагнозбен 4 мыңнан астам адам емделуде», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық емханалар, жедел жәрдем және ауруханалар медициналық көмекті ұйымдастыру шараларын қарқынды жүргізіп жатыр.



Пікір жазу
  • Адалдық алаңы: Апта соңына дейін дәрі-дәрмекке қатысты дүрбелеңді тоқтатамыз
    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қашан, қалай өткізуге болады?

    Ұқсас тақырыптар