ДҮКЕН МӘСІМХАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Уақыты: 2020-09-07 Көрлімі: 1702 Сипаттама

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Қытайтанушы-ғалым, көрнекті ақын, аудармашы, белгілі қоғам қайраткер...

6e0259ef-44a7-4dde-b8ee-3374b3e3faec.jpg

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

 

Қытайтанушы-ғалым, көрнекті ақын, аудармашы, белгілі қоғам қайраткері Дүкен Мәсімханұлы  - 1963 жылы ҚХР ШҰАР Іле қазақ автономиялық облысына  қарасты Текес ауданында өмірге келген.

1982-1987жж. Пекиндегі Орталық ұлттар университетінде оқыған.  Университет бітіргеннен кейін, жолдама бойынша 1987 жылы ҚХР Үрімжі қаласындағы ШҰАР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып істеген. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арнайы шақыруымен тарихи Отанына оралған.  1993-1999жж. аталған оқу орнының Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасында ұстаздық етті. 1999-2002 жылдары аталған кафедраға басшылық жасады.

1998 жылы кандидаттық, 2008 жылы докторлық диссертация қорғаған.

2002 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне ұстаздық қызметке шақырылып, 2003-2005 және 2007-2009 жылдары аталған оқу орнының Шығыстану кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

 2010-2019 жж. ЕҰУ Филология факультеті  қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор.

2019-2010жж. ЕҰУ жанындағы қытайтану ғылыми зерттеу институтының директоры.

2020 жылдан ҚР БжҒ министрлігі ҒК Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры.

 Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Ана тілі қазақ тілі. Одан тыс қытай, орыс, түрік, ұйғыр тілдерін меңгерген.

Шығармашылық жолын университет қабырғасында жүргенде бастаған Дүкен Мәсімханұлының бүгінге дейін 30-дан астам әдеби, ғылыми, аударма еңбектері жарық көрді. Сондай-ақ ғалымның 300-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектері еліміздің іші-сыртындағы беделді ғылыми басылымдарда жарияланды.  Оның негізгі зерттеу бағыты қытайтану және Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының өзекті мәселелері.

Шығармалары ағылшын, орыс, қытай, жапон, түрік тілдеріне аударылған.

  Тәуелсіздіктің алғашқы жылында тарихи отанына оралған Дүкен Мәсімханұлы  27 жыл бойы  еліміздің білім саласында табан аудармай қызмет етіп, жүздеген қытайтанушы және қытай тілінің мамандарын тәрбиелеп, тәуелсіз Қазақстандағы қытайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Сонымен бірге ол алғаш елге оралған күннен бүгінге дейін көші-қон және қандастарды Отанға оралту, келген қандастардың орнығуы мәселесімен  қоғамдық негізде тұрақты түрде айналысып келеді.

2001 жылы Д.Мәсімханұлы Елбасы жарлығымен «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл», 2011 жылы  «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл»,  2016 жылы  «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл», 2018 жылы «Астана қаласына 20 жыл»  мерекелік медалдарымен марапатталған.   2010 жылы   «ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына, 2012 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына және ШЫҰ-ның (Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы)  «Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық»  сыйлығына ие болды. 2012 жылы жас ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу ісіндегі елеулі еңбегі  үшін ҚР БжҒМ-нің «Ы. Алтынсарин» төс белгісіне,   2013 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

    2003-2019жж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңесте қандастар және көші-қон мәселесі бойынша  мүше болып қоғамдық қызмет атқарды. 2004 жылдан елордада құрылған қандастардың «Ата жұрт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Отбасылы. Төрт баланың әкесі. Жұбайы Айнұр Әбиденқызы да филология ғылымдарының докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы  ЕҰУ қытай филологиясы кафедрасында доцент болып қызмет атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САЙЛАУАЛДЫ  БАҒДАРЛАМАСЫ


Құрметті отандастар!  

Қазір Қазақстан жаңа тарихи кезеңнің алдында  тұр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жақында ғана халыққа жолдаған жолдауында: «Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр»,- деп атап көрсетті. 

Осынау тарихи үдеріске атсалысу және дамудың жаңа кезеңінде өзімнің бір кісілік үлесімді қоссам деген мақсатпен, «Nur Otan» партиясы беріп отырған мүмкіндікті пайдалана отырып, партияішілік іріктеу – праймеризге қатысу туралы шешім қабылдадым.

Не үшін?  Себебі, мен соңғы 30-40 жылда әлемдегі екінші экономикаға айналған Қытай Халық Республикасында туып-өсіп, сол елдің астанасы Пекин қаласында жоғары білім алып, Үрімші қаласындағы Шынжаң Гуманитарлық ғылымдар академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, ондағы реформа барысын көзбен көріп, бастан өткеріп келген азамат ретінде де, Отанға оралған соң, тұрақты түрде қытайтану мәселелерімен айналысқан маман ретінде де ол елдегі экономикалық, әлеуметтік  реформалардың қыр-сырына қанықпын деп айта аламын. Осы тұрғыдан келгенде, мен өзімді еліміздегі экономикалық реформалар барысы  мен  әлеуметтік салаларда орын алып отырған мәселелер мен оларды шешудің нақты жолдарын ұсынуға, еліміздің алдағы уақытта қуатты, өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал етуге  мүмкіндігім бар деп есептеймін.

 Менің сайлауалды бағдарламам мынадай басты-басты үш басым бағыттан тұрады:

 

І. ЕЛДЕГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ

 

Баршаңызға белгілі, әлемдегі кез-келген дамыған, қуатты  мемлекетті алып қарасаңыз, оның дамуының сыры мен күш-қуатының сыры белгілі деңгейде сол елдің демографиялық әлеуетімен тығыз байланысты екені жасырын емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелермен бетпе-бет келді: нарықтық экономикаға көшу кезіндегі күрделі жағдай, халықтың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаудың күрт төмендеуі т.с.с. Бұл тұрғыдан келгенде, әсіресе, Қазақстандағы демографиялық ахуалдың нашарлауы - ерекше назар аударуға тұрарлық мәселе.

Ал қазіргі кезде Қазақстан халқының жалпы саны 18 миллион шамасында.  Бұл проблема ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыты мәртебесіне де лайық, оны шешу үшін Республиканың демографиялық және көші-қон саясаты саласында түбегейлі әрі батыл қадамдар жасау қажет.

Мен еліміздің демографиялық жағдайын таяу болашақта жақсартуға игі ықпал ететін  мынадай басым  бағыттарды ұсынамын: 

● Жас отбасылардың материалдық әл-ауқатын, отбасылық тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету;

● «Көп балалы ана» немесе «көп балалы отбасы» мәртебесі, сондай-ақ  оларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер туралы арнайы заң қабылдау;

● «Ана мен бала» туралы заң нормаларын  жетілдіріп, жаңа босанған анаға берілетін бір реткі жөргекпұл мөлшерін, бала күтіміне кәмелеттік жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы мөлшері мен тегін медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеру т.б.

● Шетелдердегі қандастарды Отанға оралту жұмысын жандандыру. Ол үшін арнайы «Қандастар туралы заң» қабылдаудың маңызы мен өзектілігі күн өткен сайын айқындалып келеді. Жалпы «көші-қон» мәселесі сан тараулы адам тіршілігінің бір саласы ғана. Бұған дейін қабылданған және жұмыс істеп келген «Халықтың көші-қон туралы заңы» төңірегіндегі дау-дамайдың бір сәт толас  таппауының негізгі себебі де сол. Өйткені «көші-қон» ішкі және сыртқы көші-қонды да, қандастар мен отандастардың көші-қонын да қамтиды. Сондай-ақ «көші-қон» мәселесі Еңбек министрлігінің салалық заңы болып есептелетінін ескерсек, қандастардың «көші-қонына»  берілетін жәрдемақылары мен жұмыспен қамту, және зейнетақыларынан өзге, ықтиярхат, азаматтық, кәсіпкерлік, біліктілігін айқындау, перзенттерінің білім алу, әскери борышын өтеу секілді толып жатқан мәселелері  еңбек министрлігінің құзырына жатпайды. Соңғы жылдары шеттен келетін қандастар көшінің саябырлап қалуының басты себебі де осы. Сондықтан арнайы «Қандастар туралы заң» қабылдайтын уақыт жетті.


II. ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

 

Саяси-экономикалық, ғылым-білім, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы бұған дейін қабылданған және іске асырылған мемлекеттік бағдарламалар  оң нәтижесін беріп, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен тұрмыс сапасына игі ықпал еткені жасырын емес. 

Дегенмен, соңғы жылдары елде байқалған экономикалық өсуге қарамастан, халықтың нақты кірісінің төмендеу тенденциясы анықталып отыр.

Мен өз бағдарламамда осы мәселені шешудің келесі шараларын бөліп көрсетемін:

● Экономиканың және әлеуметтік саланың барлық салаларының теңгерімді дамуын, шағын және орта бизнестің дамуын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықтың жұмыспен қамтылуын ауқымын арттыруға мемлекеттік тұрғыда қолайлы жағдай жасау;

● Еліміздің агроөнеркәсіп саласын кешенді дамытуға  мемлекеттік қолдау шараларын жедел қолға алу; фермерлерге, агроөнеркәсіп саласымен айналысқысы келетін кәсіпкерлерге субсидия беру, белгілі мерзімге салықтан босату; елге заманауи агротехнологияларды тарту; Сөйтіп бірте-бірте  аграрлық сала бойынша «импорттық» елден ,» экспорттық» елге айналу;

 ● Өздеріңіз жақсы білесіздер, әлемдегі кез-келген дамыған, өркениетті елдің дамуының сыры – ғылым-білім саласындағы сәтті реформалар.  Елдің  ғылым-білім саласындағы дамуға кедергі болып отырған тетіктерді, сондай-ақ аталған сала реформасындағы  сәтсіз қадамдарды ретке келтіріп, ғылым-білім саласының өркендеуіне кең жол ашу (Еліміздің ЖОО мен ғылыми орталықтарында 30 жылға жуық табан аудармай қызмет етіп келе жатқан азамат ретінде бұл саланы қалай жаңғырту мен жандандырудың да жолдарын жақсы білем деп айта аламын);

● Елге оралғалы 30 жылдай уақыт бойы жастармен қоя-қолтық жұмыс істеп келе жатқан ұстаз-педагок ретінде мынаны баса айтқым келеді:

Жасыратыны жоқ, біздің көптеген дарынды жастарымыз өзінің жарқын болашағын Қазақстанмен емес, дамыған өзге елдермен байланыстырады. Әрі  олардың біразы шетел асып та үлгерді. Біз оларға құқықтық тұрғыдан шектеу қоя алмаймыз. Сондықтан еліміздің ертеңгі болашағы – өскелең ұрпағымыздың сапалы білім алуына, олардың  өз арман-мұраттарына өз отанында жетуіне толықтай жағдай жасап, дарынды жастарымыздың шетке ағылуының алдын  алу;

 ●  Бүкіл ел көлемінде азаматтырымыздың  сапалы медициналық қызметтен игіліктенуіне толық жағдай жасау; Бұл ретте дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартудан тыс, біліктілігі, кәсіптік этикасы т.б. мәселелер төңірегіндегі заңдарды да жетілдіру;

● Зейнеткерлердің орташа зейнетақы мөлшерін әр жолғы нарықтағы қаржылық өзгерістерге орайластыра отырып, қайта есептеу механизмін жетілдіру; Сондай-ақ мемлекет оларға «зейнетақы төлесек болды» деген қасаң  түсініктен арылып, олардың қалған ғұмырын мәнді-мағналы өткізуіне жағдай жасау керек. Ол үшін билік сол зейнеткер еңбек еткен  мекемелер мен ауылдық округтерді «зейнеткерлер комитетін»  құрып, олардың қал-ахуалын жіті қадағалап, тұрақты түрде мәдени іс-шаралар ұйымдастырып отыруға міндеттеу;

● Елдегі әдебиет, мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінің жағдайын жақсартып, олардың шығармашылықпен алаңсыз айналысуына кең жол ашу; Бұл ретте бірінші кезекте арнайы «қаламақы туралы заң» қабылдап, дарынды шығармашыл тұлғаны  қаламақымен-ақ өмір сүретіндей жағдайға жеткізу;

● Құқық қорғау саласын одан сайын реформалап, бұл саладағы бюрократия мен жемқорлықты түбегейлі жойып, заңның толықтай салтанат құруына кең жол ашып, ел тұрғындарының шын мәніндегі құқықтық, демократиялы, әділетті қоғамда өмір сүруіне ықпал ету; 


III.  ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

 Халықаралық және ұлттық деңгейде мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі басым және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздіктің негіздерін қамтамасыз ететін алғышарттарды, факторлар мен құралдарды құруды қажет етеді (қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ғылыми-әдістемелік тәсілдер, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын әзірлеу, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру және т.б.).

Ұлттық қауіпсіздік - бұл мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, білім беру, мәдени, адамгершілік және басқа да салаларының бәріне тікелей әсер ететін нақты және ықтимал қауіп-қатерлер жағдайында елдің ұлттық мүдделерін қорғау жағдайын сипаттайтын кең, көп қатпарлы ұғым.

Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы мен этнодемографиялық құрамының ерекшеліктері, экономиканың және әскери-өнеркәсіптік кешеннің даму деңгейі, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, ең алдымен, өз мүмкіндігіне және ғылыми негізделген дипломатияға сүйене отырып, өзіндік басымдық ала алатын   саяси тәсілдерді алға тартып отыр. Бұл ретте  ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыты  ретінде жоғарыда елдегі  деморграфиялық жағдайды жақсарту туралы арнайы сөз еттік.

Қазақстан Республикасы да әлемдік қауымдастықтың толық бір мүшесі. Әлемде тәуелсіз елдер болғанымен, дербес, жеке-дара өмір сүретін мемлекет жоқ. Сондықтан әлемдегі көшбасшы елдермен, әсіресе көрші мемлекеттермен өзара тиімді және достық қарым-қатынасты сақтаумен бірге, олардан келетін ықтимал   қауіп-қатерлердің алдын алудың да маңызы ерекше.

Мен өз бағдарламамда ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын былайша ұсынамын:

● Қазақстанның ұлттық мүдделерін толықтай анықтап, кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда  оның қорғалуына  басымдық беру;

● ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырудың бірыңғай мемлекеттік саясатын әзірлеу;

● ұлттық мүдделерді нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау шараларының  жүйелілігі;

● Бәсекеге қабілетті, ұлттық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және дамыту;

● Шетелден инвестиция тарту, шетелдермен біріккен кәсіпорындар ашу саласындағы ауажайылушылықты реттеп, аталған саланың  бұған дейін қабылданған зан-актілеріне ұлттық қауіпсіздік тармақтарын толықтыру;

● Әлемдегі жетекші елдермен, әсіресе маңайдағы елдермен қарым-қатынастың жеке-жеке кешенді ұлттық стратегиялық  нормаларын, заң актілерін әзірлеу;

● Қазақстан халқы мен аумағын бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстардан туындайтын қауіптерден қорғау  

● Қазақстанның имиджі мен беделін халықаралық деңгейде нығайтуға бағытталған саяси бастамаларды ілгерілету.

● Шекаралық және Солтүстік аймақтардағы босап қалған елді мекендерді жедел түрде қалпына келтіру туралы ұлттық бағдарлама қабылдау;

  

P.S.: Әрине, жоғарыдағы мәселелердің бәрін бір адам Парламентке бара салып «бытырлатып» шешіп жібереді дегенге әрине, еш кім илана қоймас. Алайда  бүгінгі қоғамда орын алып отырған  осынау мәселелерді  және оларды шешу жолдарын жақсы білетін, сондай-ақ  осы мәселелерге қатысты заңдарды қабылдатуға ықпал ете алатын, атқарушы биліктің алдына нақты ұсыныстар қоя білетін, халыққа, мемлекет тағдырына  шынайы жаны ашитын  азаматтың  парламетте отыруы – ең  кемінде сол салалардағы  тоңның жібіп, сеңнің жылжуына ықпал етеді деп сенемін.

Егер Сіз де, жоғарыда  мен көтерген  мәселелердің  оң шешім табуын,  келешек  ұрпақтың  тағдырын  ойласаңыз, МАҒАН дауыс беріңіз.

439a5050-34cb-4a8d-9d1b-ac420da91acb.jpg

КРАТКАЯ БИОГРАФИЯ

 

Ученый-китаевед, видный поэт, переводчик, известный общественный деятель Дукен Масимханулы родился в 1963 году в Текесском районе Илийской Казахской автономной области СУАР в  КНР.

С 1982 по 1987 годы обучался в университете (в г.Пекине).  В 1987 году после окончания университета, начал свою трудовую деятельность в качестве научного сотрудника в Литературном институте Академии гуманитарных наук СУАР в г. Урумчи КНР. В 1993 году вернулся на историческую Родину по специальному приглашению Казахского национального университета им.Аль-Фараби.  С 1993 по 1999 годы преподавал на факультете востоковедения данного учебного заведения. С 1999 по 2002 годы занимал должность руководителя  кафедры китаеведения.

В 1998 году защитил кандидатскую, в 2008 году докторскую диссертации.

В 2002 году был приглашен в Евразийский национальный университет им.Л. Н.Гумилева г. Астаны, в качестве страшего преподавателя,  для осуществления педагогической деятельности, в 2003-2005 и 2007-2009 годах работал заведующим кафедры востоковедения данного учебного заведения.

С 2010 по 2019 годы - заведующий кафедры китайской филологии филологического факультета ЕНУ, профессор.

2019-2020 гг. - директор Научно-исследовательского института китаеведения при ЕНУ.

С 2020 года - директор Института Востоковедения им.Р.Б.Сулейменова КН МОН РК.

Доктор филологических наук, профессор.

Родной язык – казахский, свободно владеет китайским, русским, турецким, уйгурским языками.

Дукен Масимханулы, начавший свой творческий путь еще в университете, до сегодняшнего дня опубликовал более 30 литературных, научных работ, а также труды в области переводоведения. Кроме того, более 300 научных работ ученого опубликованы в престижных научных изданиях в стране и за рубежом.  Основными научными интересами явялется область  китаеведения  и актуальные проблемы казахско-китайских отношении.  Произведения были переведены на английский, русский, китайский, японский, турецкий языки.

Вернувшись на историческую Родину в первый год ее независимости, Дукен Масимханулы в течение 27 лет неустанно работает в сфере образования, обучая сотни специалистов китайского языка и китаеведения, внося значительный вклад в становление и развитие китаеведения в независимом Казахстане. С первого дня своего возвращения в страну и по сей день, он на общественных началах работает над вопросами миграции и репатриации сородичей (қандастар).

В 2001 году Д. Масимханулы по указу Президента РК награжден медалью «10 лет независимости Казахстана», в 2011 году - «20 лет независимости Казахстана», в 2016 году - «25 лет независимости Казахстана», в 2018 году - «20 лет городу Астане».   В 2010 году был удостоен звания «Лучший преподаватель вуза РК», в 2012 году - Международной литературной премии «Алаш» Союза писателей Казахстана и премии ШОС (Шанхайской огранизации сотрудничества) «Шелковый путь: гуманитарное сотрудничество». За значительный вклад в области обучения и воспитания молодого поколения в 2012 году награжден медалью «Ы.Алтынсарин» МОН РК. В 2013 году по указу Президента РК присвоено почетное звание  «Заслуженный деятель Казахстана».

2003-2019 гг. был в числе   Национального совета при Президенте Республики Казахстан по вопросам сородичей (қандастар) и их миграции. С 2004 года,  председатель общественного объединения «Ата Жұрт», созданного в столице.

Женат. Отец четверых детей. Супруга Айнур Абиденкызы  является доктором филологических наук (PhD), доцентом кафедры китайской филологии ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПЛАТФОРМА

 

Уважаемые соотечественники! 

Сейчас Казахстан  находится  на пути к новому историческому этапу. К этому свидетельствует,  недавнее Послание к  народу главы государства К. Токаева: «Мы приближаемся к важнейшему рубежу в новой истории нашей страны. Сейчас нам предоставляется возможность увеличить достижения независимости и вывести страну на высококачественный, новый этап развития».

С целью содействия этому историческому процессу и с целью внести свой вклад в развитие, я принял решение принять участие во внутрипартийном отборе партии «Nur Otan» – праймеризе.

Для чего?  С какой целью?  Я, как  гражданин, который родился и вырос в Китайской Народной Республике, в стране, с крупной экономикой по миру за последние 30-40 лет, получивший высшее образование в городе Пекин и начав свою  трудовую деятельность в качестве научного сотрудника в Академии гуманитарных наук в городе Урумчи, как гражданин, который видел эти реформы воочию, а также как специалист, постоянно занимающийся китаеведением после возвращения на Родину, могу с уверенностью потвердить, что хорошо знаком со сложностями экономических и социальных реформ в той стране. В связи с этим считаю, что у меня есть возможность предложить конкретные идеи по экономическим реформам, а также  проаргументировать решения проблем социальной сферы, которые  проложат путь нашей страны в будущем войти в список сильных, цивилизованных стран мира.

Моя предвыборная программа состоит из следующих трех основных направлений:

 

I. УЛУЧШЕНИЕ ДЕМОГРАФИЧЕСКОЙ СИТУАЦИИ В СТРАНЕ

 

Общеизвестен тот факт, что характер и сила любого развитого, устойчивого государства мира основываются на демографическом потенциале страны. В соответствии с этим, после обретения независимости наш Казахстан столкнулся с рядом экономических и социальных проблем: сложная ситуация при переходе к рыночной экономике, снижение уровня жизни большей части населения, резкое сокращение  социальной защиты со стороны государства, и в том числе ухудшение демографической ситуации в Казахстане. Это  тот вопрос, на который стоит обратить пристальное внимание.

В настоящее время общая численность населения Казахстана составляет около 18 миллионов человек. Эта проблема считается важной в списке приоритетных направлений национальной безопасности, для решения которой необходимо сделать кардинальные и смелые шаги в области демографической и миграционной политики Республики.

Я предлагаю следующие приоритетные направления, которые будут способствовать улучшению демографической ситуации страны в ближайшей перспективе:

● Поддержка на государственном уровне повышения материального благосостояния молодых семей, уровня и качества семейной жизни;

● Принятие специального Закона О статусе «многодетной матери» или «многодетной семьи», касаемо пособиям и льготам;

● Совершенствование норм закона «О матери и ребенке», повышение размера единовременного пособия на рождение ребенка, размера пособия по уходу за ребенком до достижения его совершеннолетия и уровня бесплатного медицинского обслуживания    и т. д.

● Активизировать и усилить  выполняемые работы  по возвращению сородичей (қандастар) из-за рубежа на Родину. В соответствии к этому  актуальным становится, принятия специального закона «Қандастар туралы заң» (Закон о сородичах). Проблема «миграции» является лишь одной частью многогранной, интенсивной деятельности человека. Это основная причина, по которой полемика по поводу ранее принятого и действующего «Закона о миграции» не утихает ни на минуту, также  связано с тем, что «миграция» включает как внутреннюю, так и внешнюю миграцию, и в последок  миграцию сородичей (қандастар) и соотечественников. Учитывая,  что обостренный вопрос  «миграции» является отраслевым законом Министерства труда, в обязанность которого входит решение вопросов касательно «миграционных» выплат, трудоустройства и пенсий сородичей. Однако помимо вышеупомянутых пунктов есть масса других немаловажных вопросов, таких как вид на жительство, получение гражданства, предпринимательство, определение квалификации, образование детей, военная служба и др. Эти вопросы не входят в компетенцию Министерства труда. И это является  основной причиной сокращения количества мигрантов в последние годы. Поэтому возникает необходимость принятия специализированного Закона «Қандастар туралы заң» (Закон о сородичах).

 

II. ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ЖИЗНИ НАСЕЛЕНИЯ

 

Не скрывается, что ранее принятые и реализуемые государственные программы в политической, экономической, научной, образовательной, культурной и медицинской сферах дали положительные результаты и благотворно повлияли на уровень и качество жизни граждан. Однако, несмотря на экономический рост, наблюдаемый в стране за последние годы, наблюдается тенденция к снижению реальных доходов населения.

В своей программе я выделяю следующие меры по решению этой проблемы:

● Повысить уровень жизни населения путем обеспечения сбалансированного развития всех отраслей экономики и социальной сферы, развития малого и среднего бизнеса, создание благоприятных условий на государственном уровне для повышения степени занятости населения;

● Ускорить меры государственной поддержки единого развития агропромышленного комплекса страны; субсидировать фермеров, предпринимателей, желающих заняться агропромышленной отраслью, освободить от налогов на определенный срок; привлечь в страну современные агротехнологии; поэтапно в аграрном секторе из «импортной страны» перейти в статус «экспортной страны»;

● Как известно, залог развития любой развитой цивилизованной страны мира – успешные реформы в науке и образовании. Преодолевая препятствия на пути развития науки и образования в стране, а также неудачные шаги по реформированию этой отрасли,  считаю необходимым создать условия для развития науки и образования, в последствии к этому предложить методы модернизации и возрождения, как специалист этой отрасли,  имеющий непрерывный стаж работы в университетах и исследовательских центрах около 30 лет.

● Как учитель-педагог, тесно работающий с молодежью почти 30 лет с момента возвращения в страну,  хотел бы подчеркнуть следующее:

Многие из наших талантливых молодых людей связывают свое светлое будущее не с Казахстаном, а с другими развитыми странами.  Часть из них уже развиваются  за границей, а юридически ограничить их не в наших руках. Поэтому будущее нашей страны – это  не допустить оттока талантливой молодежи, создать полноценные условия подрастающему поколению для получения качественного образования, с целью реализировать их   мечты на родине;

● Создание полноценных условий для получения нашими гражданами качественных медицинских услуг на всей территории страны; при этом помимо повышения социального статуса врачей, усовершенствовать законодательство по вопросам их квалификации, профессиональной этики и т. д.;

● Усовершенствовать механизм пересчета средней пенсии пенсионеров с учетом изменения финансовой ситуации на рынке; нашей стране  также следует избавиться от стереотипа «лишь бы выплатить пенсию», но и создать пенсионерам условия, чтобы они прожили остаток своей жизни достойно. Для этого властям следует обязать учреждения и сельские округа, где работал пенсионер, создать «комитет пенсионеров», внимательно следить за их положением и организовывать регулярные культурные мероприятия;

● Улучшение положения работников литературы, культуры и искусства в стране и открытие им возможностей для творчества; при этом, в первую очередь, необходимо принять специальный «Закон о гонораре», чтобы талантливый творческий человек мог обеспечить себе достойную жизнь, опираясь  на полученные гонорары;

● Дальнейшее реформирование правоохранительной сферы, кардинальное устранение бюрократии и коррупции в упомянутой  сфере, создание полноценного закона, содействующего к жизни населения страны в реально правовом, демократическом, справедливом обществе.

 

III. ОБЕСПЕЧЕНИЕ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

 

Национальная безопасность государства на международном и национальном уровнях является одним из приоритетных и неотложных вопросов и требует создания предпосылок, факторов и средств, обеспечивающих основы национальной (государственной) безопасности (научно-методические подходы к обеспечению безопасности, разработка норм и требований национальной и международной безопасности, формирование системы безопасности и др.).

Национальная безопасность – это широкое, многослойное понятие, влияющее на практически все сферы политической, социальной, экономической, духовной, образовательной, культурной, нравственной и других сфер государства и характеризующее состояние защиты национальных интересов страны в условиях реальных и потенциальных угроз.

Геополитическое положение и особенности этнодемографического состава Республики Казахстан, уровень развития экономики и военно-промышленного комплекса, ставит перед собой политические подходы в обеспечении безопасности, прежде всего, исходя из собственных возможностей и научно обоснованной дипломатии. При этом, в направлении национальной безопасности, мы потвердили об улучшении демографической ситуации в стране.

Республика Казахстан также является полноправным членом мирового сообщества. В наше время государства имеют независимость, однако нет таких стран, которые существовали бы обособленно. Поэтому особое значение имеет не только сохранение взаимовыгодных и дружественных отношений со странами-лидерами, но и предупреждение возможных угроз от них.

В своей программе  предлагаю концепцию национальной безопасности, содержащего нижепредлагаемые идеи:

● В любое время и в любой ситуации, в  полной мере определить национальные интересы Казахстана и отдавать приоритет их защите;

● Разработка единой государственной политики по реализации мер по обеспечению национальной безопасности;

● Адекватность мер по защите национальных интересов от реальных и потенциальных угроз;

● Формирование и развитие конкурентоспособного национального информационного пространства;

● Регламентировать ситуацию в сфере привлечения инвестиций из-за рубежа, открытия совместных предприятий с зарубежными странами и дополнить пункты о национальной безопасности к ранее принятым законам данной отрасли;

● Разработка индивидуальных комплексных национальных стратегических норм, законодательства в отношениях с ведущими странами мира, особенно с соседними странами;

● Защита населения и территории Казахстана от угроз, вытекающих из чрезвычайных ситуаций и военных конфликтов мирного и военного времени;

● Продвижение политических инициатив, направленных на укрепление имиджа и авторитета Казахстана на международном уровне.

● Принятие государственной программы быстрой реабилитации опустевших населенных пунктов в приграничных и  в северных регионах;

P.S .: Несомненно, вряд ли кто-то согласится с тем, что все вышеперечисленные вопросы могут быть решены одним человеком, идущим в парламент. Однако я верю, что присутствие в парламенте такого гражданина, который хорошо осведомлен об этих проблемах и способах их решения, а также который способен повлиять на принятие законов по этим вопросам, вносить конкретные предложения, искренне сочувствовать народу, в конечном итоге  может повлиять на то, что лёд тронется и многие проблемы найдут свое решение.

Если каждого из вас, также беспокоит судьба будущего поколения и положительное решение проблем, которые я упомянул выше, то голосуйте за МЕНЯ.


Пікір жазу
  • Қазақстанда карантин тәртібін енгізу туралы қаулы жобасы әзірленуде
    Коронавирустың «күзгі толқыны»: Қауіпті болжам мен қызу дайындық