Қараменде батырға ас берілді

Уақыты: 2020-10-14 Көрлімі: 3344 Сипаттама

9 қазан күні Ақмола облысы Қараменде батыр ауылында Қараменде батырға арнап ас беріліп,...

afdf570e-fd35-4d1d-9e7e-3a6b7b3b45cb.jpg

9 қазан күні Ақмола облысы Қараменде батыр ауылында Қараменде батырға арнап ас беріліп, тарихшы Жамбыл Артықбаевтың «Қиыр жайлаған  қызай елі» атты кітабының тұсауы кесілді. Асқа тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлы, ақын Светқали Нұржан және кітап авторы Жамбыл Артықбаев қатарлы зиялы қауым өкілдері мен Қызай ана, Қараменде батыр ұрпақтары қатысты.

Астана іргесіндегі ауылдың Қарменде батыр атына қалай ауысқаны туралы тарихшы Жамбыл Артықбаев аталмыш кітабында түсінік бере кетіпті.

«Сонымен біздің аз-маз ізденістеріміздің нәтижесінде Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласынан  Атбасарға шығар ауыздағы Семеновка ауылы сол заманда Қызай Қараменді батырдың қыстауы болғаны анықталды. Бұл шаруада бізге басты көмекші ХІХ ғасырда Ақмола мен Атбасар арасындағы пошта станциялары мен бекеттер  көрсетілген ресейлік карта болды.  Ақмола деп отырғанымыз ежелде Қараөткел аталып келген, ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан (1833 ж.) бастап Ақмола атана бастаған, совет кезеңінде біраз уақыт Целиоград атымен белгілі болған қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы»-, деп жазыпты Жамбыл Артықбаевтың «Қиыр жайлаған  қызай елі» атты кітабында.

Қайтадан өз атауын тапқан ауылды қыстау еткен Қарменде батыр 18 ғасырдағы қызай руынан шыққан белді батырлардың бірі. Батырлығымен бірге қырағы, қасиетті адам болғаны айтылады. Осы елден шыққан Есенгелді, Қоңырбай батырлармен бірге қазақтың бас қолбасшысы Қабанбай батырдың сардарларының бірі болған. 

Снимок.JPG  

Жамбыл Артықбаевтың «Қиыр жайлаған  қызай елі» атты кітабында Қарменде және оның замандастары Ескенгелді мен Қоңырбай, Байқошқар батыр мен Қара би, Есенгелдінің әкесі Құдайназар батыр және Кенесары хан кезіндегі Бәкей батырлар туралы анықтама берген.  Сонымен бірге қазақ халқының құрмындағы ірі қауымдардың бірі- қызай елінің арғы-бергі тарихы, көші-қоны, кейбір салт-дәстүрлері  қарастырылады.  Бүгінгі күні негізгі бөлігі ҚХР-дың Шыңжан өлкесінде  қоныстанған қызайлардың көне және ортағасырлық деректері, жаңа замандағы тарихы Орталық Азияны қадым замандардан бері мекендеп келе жатқан халықтардың тарихи жолымен қатар өрілген.

Автордың осы еңбектері мен ізденістері үшін кітаптің тұсау кесерінде «Қызай ана» қоғамдық қорының төрағасы Нәбижан Мұқаетханұлы алғысын білдірді.

«Бүгін тарихымызда елеулі күн болып отыр. Қарменде батыр бабамыздың атына ауыл аты беріліп, мазарына құран оқып келдік. Бұл тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізген табыстарымыздың бірі деп есептеймін. Тәуелсіздіктің арқасында ел қайта бірігу процесін бастан кешіп отыр. Соның нәтижесінде өткенімізді толықтап, өшкенімізді тірілтіп, барымызды көркейтіп осындай жаңғыру кезеңінде тұрмыз. Қараменде бабамыздың тарихын келтіруге әріптесім Жамбыл Артықбаевтың сіңірген еңбегіне мың алғыс айтамын. Жәкеңді жақсы білеміз, кәсіби тарихшы, әсіресе 18,19 ғасырдың Ресей жазбаларын жақсы білетін, көптеген еңбек шығарған, Отан үшін, ел үшін, халықтың тарихи жадысын  жаңғырту үшін белсенді еңбек етіп келе жатқан әріптесіміздің бірі. Соныдқатн, Қараменде, Қиыр жайлаған қызай туралы еңбек жазуы менің жазғанымнан әледе қайда құнды деп есептеймін. Өйткені бұны Қызай ана ұрпақтары жаза береді деп айтуы мүмкін, ал Жәкеңнің жазуы тіпті де құнды», - деді Н. Мұқаметханұлы.

Jebeu.kz

 

 

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Алматылық кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай тетіктер бар?
    Есенкелді батыр аты тарихта қаттаулы