Мағзұм Мырзағалиев: Қытаймен өте күрделі келіссөздер өтеді

Уақыты: 2020-11-06 Көрлімі: 903 Сипаттама

Қытаймен су ресурстарын бөлу мәселесіне қатысты өте күрделі келіссөздер өтіп жатыр. Бұ...

ee5bc756569f1c6aab236b6a66c942dc.jpg

Қытаймен су ресурстарын бөлу мәселесіне қатысты өте күрделі келіссөздер өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалымен өтіп жатқан Үкімет сағатында айтты.

«Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы су қатынастары Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісіммен реттеледі. Бүгінгі күнгі негізгі проблема - Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу жөніндегі келісімнің болмауында. Қытаймен өте күрделі келіссөздер өтеді. Қытай шекара маңындағы ешбір елмен су бөлу жөнінде келіссөздер жүргізбейтінін ерекше атап өткім келеді. Қазақстан Қытаймен келіссөздер жүргізіп жатқан алғашқы және жалғыз ел болып саналады. Жалпы біз Келісімге трансшекаралық өзендердің экожүйесін сақтау мәселелерін енгізуді талап етудеміз. Қытай тарапы бұған мүдделі емес. Оған қарамастан отандық сарапшылардың табандылығының арқасында өткен жылы тараптардың су ресурстарына құқықтарын кешенді қарау және трансшекаралық су объектілерінің экожүйелерін сақтау бойынша қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Келіссөздер жалғасуда», - деді Мағзұм Мырзағалиев.




Пікір жазу
  • Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыруға арналған қандай бағдарламалар бар
    Солтүстіктегі жағдай көңіл көншітпей тұр

    Ұқсас тақырыптар