Бағдат Мусин: Еgov порталына биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асырылады

Уақыты: 2020-11-17 Көрлімі: 37 Сипаттама

Осы айдың соңына дейін Еgov порталына биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асырылады...

201117103648338a3719479i.jpg

Осы айдың соңына дейін Еgov порталына биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Қоғамның шағымдарын талдадық. Қарапайым халық үшін еgov-қа көшудің басты қиындығы - ол электронды цифрлық қолтаңбаны орнату, мобильдік базада тіркелу. Осы тетіктерді шешу мақсатында порталда биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асуда. Енді еgov пайдаланушысы болу үшін смартфоныңызды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір осы тетік тестілеуден өтіп жатыр. Қарашаның соңына дейін іске қосамыз», - деді министр.

Оның айтуынша, көп талап етілетін құжаттарды еgov mobile қосымшасына цифрлық түрде шығарылды.

«Цифрлық құжаттар қызметіне жеке куәліктен басқа жүргізуші куәлігі, дипломдар және басқа құжаттар шығарылады. Мұндай құжаттар түрі әлі де көбейеді», - деді Бағдат Мусин.


Автор Марлан Жиембай


Пікір жазу
  • Тоқаев: Қазіргі міндет – көктемдегідей жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтау
    2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда Қазақстанның халық саны 1,3% өсті

    Ұқсас тақырыптар