Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Уақыты: 2020-11-19 Көрлімі: 91 Сипаттама

Биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін...

2020090315322775826_6342f2c9-0958-4b08-881c-77b306b6d356.jpg

 Биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралған.

«Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% — басқа елдерден келді.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды.

10 айдағы мәлімет бойынша, еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кішілер 32,6% және зейнеткерлер 10,5% құрайды», - делінген министрліктің баспасөз ақпаратында.


Пікір жазу
  • Бектаев: Қандастарға Қазақстанға көшіп келу үдерісі соңғы он жылда күрт азайған
    Онкологиялық ауруы бар пациенттер нені ескеруі керек?

    Ұқсас тақырыптар