Қазақстанда КВИ жұқтырудың шарықтау шегі қашан болуы мүмкін?

Уақыты: 2020-12-10 Көрлімі: 1225 Сипаттама

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қа...

201209164450a3728176d.jpg

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жету ықтималдығына қатысты жаңа болжамды жария етті, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ауру жұқтырудың шарықтау шегі қай уақытқа сай келуі мүмкін? Бұрын Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтарына сай келетінін болжаған еді. Алайда қазір оптимистік жағдай қалыптасты. Осыған байланысты апта сайын өзіміздің болжамды мәліметтерімізді зерттеп отырмыз. Қазіргі жағдайда пессимистік болжамға сүйенсек, коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2021 жылдың қаңтары мен ақпанына дөп келеді деп болжауға болады», - деді бас санитар дәрігер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек бұған дейін ол Қазақстанға басқа мемлекеттерден коронавирус жұқтырып келген азаматтардың саны біршама азайып бара жатқанын хабарлаған болатын.


Пікір жазу
  • Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алатын адамдар контингенті кеңейтіледі
    Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді