Алексей Цой: Індетті жұқтыру наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін

Уақыты: 2021-01-19 Көрлімі: 1247 Сипаттама

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуал бойынша арнайы жұмыс тоб...

210119101222a3742620d.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуал бойынша арнайы жұмыс тобы жасаған 2021 жылдың соңына дейінгі болжамды жария етті. 

«Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін шектеу шаралары күшінде болғандағы эпиджағдайдың дамуына болжам жасады. Індетті жұқтыру деңгейі осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантин талаптарын енгізу жоспарланып отырған жоқ», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министр сонымен қатар реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6 және 9 мың адам індет жұқтыруы мүмкін екенін айтады. Ал төсек қорының қамтылуы 45 мыңға дейін жетеді. Яғни КВИ-мен ауыратын науқастарға қолжетімді 52 мың төсектен аспайды, бірақ денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірмей, сапалы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін қатаң карантин талаптарын енгізу қажет болады.

«Бірінші кезеңде 2 миллион адамды вакциналау эпидемияның дамуына оң әсер етеді. Біздің есептеуімізше, 2 миллион адамды вакциналау тіркелген жағдайлардың санын 40 мыңға азайтады. Тиісінше, вакцинамен қамту неғұрлым жоғары болса, КВИ-мен сырқаттанушылық пен өлім-жітім азаяды, шектеу шаралары мен локдаунсыз өмірге оралу ықтималдығы артады. Пандемияның дамуының осы кезеңінде бүкіл әлем өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама – вакциналау екенін түсінді», - деді министр.

Министрдің айтуынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отыр. 

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда Спутник V вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вакциналарды «СҚ-Фармация» компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда», - деді Алексей Цой.



Пікір жазу
  • Назарбаев: Жаңа адамдар жаңа идеялар әкеліп, Парламент жұмысына тың серпін берер деп сенемін
    Тоқаев бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын өсіруді тапсырды

    Ұқсас тақырыптар