Коронавирустан жазылған адамға қанша уақыттан кейін вакцина салуға болады

Уақыты: 2021-01-29 Көрлімі: 782 Сипаттама

Коронавирустан жазылған адамға 6 айдан кейін вакцина салуға болады. Бұл туралы ҚР ДСМ С...

индивидуальная-вакцина-от-рака-420x280.jpg

Коронавирустан жазылған адамға 6 айдан кейін вакцина салуға болады. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинаға көнетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева онлайн конференцияда айтты. 

«Коронавирустың кез келген формасымен ауырған адамға 6 айдан кейін ғана вакцина салуға кеңес беріледі. Сонымен қатар 6 айдан кейін де ол адамның жағдайына қарау керек. Егер адам коронавирустан жазылғаннан кейін 6 ай өткізіп барып қана вакцина егуге болады», - деді Нұршай Әзімбаева.

Оның айтуынша, уақыт аралығындағы интервалды сақтау үшін 1 флакон арқылы вакцина алған 5 адамның тізімі жасалады.

«Неліктен екпеге алдын ала жазылу керек? Өйткені вакцинаның 1 флаконы 5 адамға арналған. Бұл 5 адамнан бір уақытта бірінен кейін бірі вакцина алады. Яғни, вакцинаның жарамдылығы бұзылмас үшін екпе кабинетіне кірер есікте вакцина алатын келесі адам (басқалармен 1,5 метр аралықта) тұруға тиіс. Жалпы вакцина салынған адам 30 минут бойы медициналық бақылауда болады. Сонымен қатар ол адамға вакцина алғаны туралы таңбаланған бейдж беріледі», – деді ол.



Пікір жазу
  • Латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланды
    Qaz Covid-in екпесінің «Спутник V» вакцинасынан айырмашылығы қандай?

    Ұқсас тақырыптар