Созылмалы ауруы бар адамға коронавирус вакцинасы салына ма?

Уақыты: 2021-02-12 Көрлімі: 369 Сипаттама

Созылмалы ауруы өршіген кезеңде адамға коронавирус вакцинасы салынбайды. Медицина ғыл...

210212173607726e.jpg

Созылмалы ауруы өршіген кезеңде адамға коронавирус вакцинасы салынбайды. Медицина ғылымдарының докторы, бұл туралы Ләззат Ералиева орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. профессор Ләззат Ералиева айтты. 

«Қант диабеті секілді созылмалы ауруы бар адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып алуы керек. Бұл вакциналау алайда адамның созылмалы ауруының өршуі кезінде салынбауы тиіс. Мәселен, азамат белгілі бір созылмалы аурумен ауыратын болса, сол ауруы өршіген кезеңде вакцина әлбетте кейінге қалдырылады. Созылмалы аурулардың белгісі бәсеңдегеннен кейін, яғни регрессия кезінде вакцинаны салдыруға әбден болады. Мұндай жағдайда созылмалы ауруы бар адамға салынған вакцина сау адамға салынғанмен бірдей – ешқандай зияны жоқ», - деді ол. 

Ләззат Ералиева коронавирус вакцинасы жайлы шын ақпаратты білгісі келетін адамдар сарапшыларға құлақ асуы керектігін ескертті. 

«Ең алдымен, вакцина деген дәрі емес екенін атап өткім келеді. Ол инфекциялық ауруларды емдемейді. Бірақ тарихқа көз жүгіртіп қарайтын болсақ, әлем ауыр індеттерден вакциналаудың арқасында ғана арылған. Бір сөзбен айтқанда шешектен де, полиомиелиттен де вакцина құтқарған. Ал қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы түрлі «аңыздар» да, әңгімелер де тарап жатыр. Бүкіл халық ол жайлы шынайы ақпаратты білгісі келсе, халықаралық және отандық сарапшыларға құлақ асуы керек», - деді профессор. 

Оның айтуынша, коронавирус вакцинасы – басқа вакциналар секілді иммунды-биологиялық препарат. Сондықтан вакцина салдырған адамның бойында қысқа мерзімдік жағымсыз белгілер болуы мүмкін.

«Бүкіл әлемде шығарылып жатқан коронавирус вакциналары құрамдары жағынан әртүрлі. Бұл вакцина адамға салынған кезде ағзада антидене және ммундық реакция пайда болады. Адам бойында вакцина әртүрлі деңгейде өтуі мүмкін. Вакцина салдырған адамда тек жағымсыз белгілер пайда болады деген пікір де - қате. Вакцинадан кейінгі қалыпты және қалыптан тыс жағдай деп қана қарау керек. Вакциналаудан кейін адамдардың көбі ештеңе сезбей жүре береді», - деді ол.


Пікір жазу
  • Баспана бағасы төмендей ме?
    Әуезов театрында 4 жаңа қойылымның тұсауы кесіледі

    Ұқсас тақырыптар