«Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды

Уақыты: 2021-02-23 Көрлімі: 1337 Сипаттама

Бүгін, 2021 жылғы 22 ақпанда, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 наурыз - Алғыс а...



2021 жылғы 22 ақпанда, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында «Туған елге мың алғыс!» эстафетасы (челлендж) бастау алды, деп "Егмен Қазақстанға" сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Айта кетсек, эстафетаға барлық ниет білдіріушілер қатыса алады.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Деменьтева бастаған алғыс айту бейне-челленждін ҚХА мүшелері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, журналисттер, блогерлер, еріктілер және т.б. жалғастырды.

Челлендждің міндеті барлық қазақстандықтарды бірлік, бейбітшілік және келісім идеясы төңірегінде топтастыру, қазақстандықтар арасында қоғамдық коммуникацияның жоғары мәдениеті мен алғыс білдіру дәстүрлерін өрбіту болып табылады.

Қатысушылар #туғанелгемыңалғыс, #tuganelgemynalgys хэштегімен әлеуметтік желілерде өздерінің алғыстарын жариялап, бөлісуде. Эстафета 2021 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. 

Айта кетейік, эстафета Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен басталды.



Пікір жазу
  • Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған ғылыми-лингвистикалық база құруылады
    Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді

    Ұқсас тақырыптар