Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Уақыты: 2021-03-29 Көрлімі: 974 Сипаттама

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус...

210329200314311a3769559i.jpg

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирусқа байланысты жаңа қаулысы жарияланды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Жаңа қаулы коронавирус инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жағдайында кәсіпкерлік субъектілері жұмысының оңтайлы режимін, сондай-ақ халықты COVID-19-ға қарсы жаппай иммундауды жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында шықты.

Қаулыға сәйкес, «ASHYQ» пилоттық жобасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелері алдын ала жазба бойынша қызмет көрсете алады.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің келушілерге қызмет көрсетуімен жазғы алаңдарда ғана отыратын орындар 50%, бірақ 50 орыннан артық емес толтырылған кезде және үстелдер арасында 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат.

2020-2021 оқу жылының соңына дейін жатақханаларда тұрмай техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым мен ЖОО студенттері және жалпы білім беретін мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

Ата-аналарының өтініші бойынша 1-5 сыныптарды қоса алғанда (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қоса алғанда), 15 адамға дейінгі балалар саны бар 9 және 11 (12) сыныптарды кезекші сыныптарға рұқсат.

Сонымен қатар, Алматы қаласының қоғамдық орындарында коронавирусқа

қарсы вакцинация жүргізу алгоритмі белгілі болды.

Қаулының толық мәтінін мына жерден таба аласыз.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Пікір жазу
  • Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді
    Омарәлі Әділбекұлы: Қытайдағы қазақ әдебиеті руханиятымызға қосылған асыл мұра

    Ұқсас тақырыптар