Қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісін пайымдаған монографияның тұсаукесері өтті

Уақыты: 2021-12-12 Көрлімі: 446 Сипаттама

2021жылы 10 қазанда Әл-Фараби кітапханасында Қазақ ұлттық университеті "Қазіргі заманғы...

265962673_3066687600268799_9208741768697913921_n.jpg

2021жылы 10 қазанда Әл-Фараби кітапханасында Қазақ ұлттық университеті "Қазіргі заманғы қытайды зерттеу орталығының" директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлының "Халықаралық феномен: Қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі" атты монографиясының тұсаукесері өтті.

Кітаптың тұсаукесеріне тарихышы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, пікірлерін білдірді. Сөз тізгінін қолға алған Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Қытайтану кафедрасының меңгеріушісі Ержан Керімбаев бүгінгі бас қосудың мақсаты мен маңызына тоқталды. Арықарай сөз алған академик Хангелді Абжанов, тарих ғылымдарының докторы Тұрғанжан Төлебаев, философия ғылымдарының докторы Раев Дәулетбек және Нәбтжан Мұқаметханұлының шәкірттері кітаптың маңызы мен көтерген жүгі, Қазақ қоғамына жасайтын ықпалы тұралы тұшымды пікірлер айтты.  Жиынға қатысқандардың бәрі бір ауыздан "дер кезінде жазылған кітап, Мәңгілік ел болу консепциясын насихаттау және іске асыру үшін тарихи, реалдық әрі стратегиялық маңызы зор",- деген пікірлерін білдірді.

нн.JPG

Естеріңізге сала кетсек, қазақ халқының түрлі тарихи кезеңіндегі бөлінуі мен бірігу үрдісін тарихи оқиғалармен саралап берген тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлының "Халықаралық феномен: Қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі" атты монографиясы жарық көрген. Бұған дейін аталмыш кітаптың таныстырылымы ретінде баспасөзде бірнеше мақала жарық көрді. Атап айтар болсақ, "Жас Алаш" газетінде Рақым Айыпұлының "Қазақтың бөлінуі мен біргіуі", Jebeu.kz сайтында Омарәлі Әділбекұлының "Тарихтың таңдауы Тәуелсіздік", Құрмет Қабылғазыұлының"Бөліну мен бірігудің ескерткіші" атты мақалаларында  аталған еңбектің ұлтымыздың тартысты тарихы барысындағы бөлінуі мен азаттықтан кейінгі қайта бірігу үдерісінің ескерткіші екенін атап өткен. 

265324889_3066687573602135_7235160537505322425_n.jpg

Пікір жазу
  • Президент зейнетақыны пайдалану шекті межесін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды
    Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық жинақ жарық көрді