Коронавирус: Ертеңнен бастап қосымша карантин шаралары енгізіледі

Уақыты: 2022-01-13 Көрлімі: 210 Сипаттама

Қазақстан Республикасында «омикрон» жаңа штамының таралуына, сондай-ақ КВИ сырқаттану жағдайларының көбеюіне байланысты коронавирус инфекциясына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап қосымша алд...

unnamed-pic_32ratio_900x600-900x600-88481.jpg

Қазақстан Республикасында «омикрон» жаңа штамының таралуына, сондай-ақ КВИ сырқаттану жағдайларының көбеюіне байланысты коронавирус инфекциясына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап қосымша алдын алу шаралары енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен сауда орталықтары, сауда үйлері және сауда желілерінен басқа, жұмыс және демалыс күндері спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, бассейндерге, сауналарға, моншаларға (вакцинацияның, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз кіру үшін «жасыл» қауіпсіз мәртебесі болуы тиіс.

Қабылданған шаралар Омикрон коронавирусының таралу және берілу жылдамдығының жоғары деңгейіне байланысты негізделген.
Айта кететін жәйт, ғалымдар «Омикрон»-ның жоғары жұқпалы, таралу және берілу жылдамдығы «Дельта» штаммынан 5 есе жоғары, жұқтырғандардың саны әр үш-төрт күн сайын екі есе артуы мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатынын естеріңізге саламыз. Соңғы тәулік бойынша республикада КВИ+ бойынша 9122 жағдай тіркелді.
Енгізілетін шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, аурулар санының ұлғаю қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеу үшін бағытталғанына назар аударамыз.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.


Пікір жазу
  • Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
    Биыл мемлекеттік білім гранттарының саны 5 мыңға артады

    Ұқсас тақырыптар