Қытай тарапы Қазақстан азаматтары үшін белгілі бір санаттағы визаларды қайта рәсімдейтін болады

Уақыты: 2022-06-14 Көрлімі: 301 Сипаттама

Қытай тарапымен әртүрлі деңгейде өткізілген тұрақты келіссөздердің нәтижесінде Қазақ...


288101073_1064172707539499_6109638344937877121_n.jpg

Қытай тарапымен әртүрлі деңгейде өткізілген тұрақты келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін ҚХР-дың белгілі бір санаттағы визаларын рәсімдеуді қайта бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің фейзбук парақшасында жарияланды. 


Бұл ретте, Қытай Халық Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі мен Алматы қаласындағы Бас консулдығында төменде көрсетілген талаптарға сай келетін Қазақстан азаматтары үшін ҚХР визалары беріледі:


1. Орталық және мемлекеттік органдардан, провинциялық сыртқы істер кеңселері мен сауда департаменттерінен, ірі кәсіпорындардан немесе муниципалды халық үкіметтерінен ресми шақыру алған тұлғалар.


2. Қытайдағы құзырлы органдардың келісімімен жұмысқа рұқсат алған тұлғалар, «Z» санатындағы виза алушылар шақыру хаты болмаса да өтініш бере алады.


3. Қытайға жұмыс істеуге оралған қазақстандықтардың отбасы мүшелері шақыру хаты болмаса да туыстықты дәлелдейтін құжаттар негізінде виза алуға өтініш беруіне болады.


4. Қытай азаматтарының шетелдік отбасы мүшелері және Қытайда тұрақты тұратын шетелдіктер отбасымен қосылуға өтініш бере алады немесе туыстығын дәлелдейтін құжаттардың негізінде Қытайға келуге виза алуына болады.


Сонымен қатар, қытай тарапы 2022-2023 оқу жылына қазақстандық студенттердің Қытай аумағына келіп оқуларын жалғастыруы бойынша өзара тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Студенттерге оқу визасын рәсімдеу үшін «жасыл дәліз» (жеңілдетілген тәртіп бойынша) ашу туралы келісімге қол жеткізілді.


Бұдан бөлек, Қытай тарапынан азаматтардың құжаттарын консулдық заңдастыруға қабылдау бойынша келісім алынды. Өтініш берушілер алдымен тиісті құжаттардың сканерленген топтамасын Нұр-Сұлтандағы ҚХР Елшілігінің немесе Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының электрондық поштасына жіберуі қажет (ҚР азаматының төлқұжаты, ҚР Сыртқы істер министрлігі куәландырған құжаттар, толтырылған сауалнама және т.б.).  Электрондық поштаға жіберілген құжаттардың топтамасы дұрыс болса, тиісті консулдық алымды төлеп, құжаттардың түпнұсқасын консулдық бөлімнің мекенжайына жіберу керек. Құжаттарды қарау мерзімі – 7 жұмыс күнін құрайды.


Қытай визаларын алу, сондай-ақ құжаттарды заңдастыру туралы толық ақпаратты Қытай Халық Республикасының Елшілігі мен Бас консулдығының веб-сайттарынан келесі сілтемелер бойынша алуға болады:


http://kz.china-embassy.gov.cn/rus/lsfw/202205/t20220530_10694650.htm


http://kz.china-embassy.gov.cn/rus/lsfw/20205/t20220530_10694653.htm


http://almaty.china-consulate.gov.cn/rus/lsyw/202205/t20220525_10692606.htm


Сонымен қатар, Қытай аумағына кіру үшін  https://hrhk.cs.mfa.gov.cn/H5/  веб-сайтына тіркеліп, арнайы форманы толтыру арқылы «Жасыл кодты» алу талабының сақталатынын атап өтеміз.


Аталған порталға келесі құжаттардың көшірмелері жүктелуі тиіс:


1) паспорт,

2) виза, шақырту, жұмысқа рұқсат,

3) әуе билет,

4) ұшаққа отырудан 48 және 12 сағат бұрын жасалған екі мәртелік ПТР сынақтарының нәтижелері.


Ұшаққа отырудың алдында IgG және IgM антиденелеріне тест тапсыру қажет емес. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы алуға болады:


http://kz.china-embassy.gov.cn/rus/lsfw/202205/t20220530_10694657.htm


Сондай-ақ ҚХР-дағы эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, шетелден Қытайға келетін барлық азаматтар өз қаражаты есебінен арнайы қонақүйде 14 күндік карантиннен өтуі қажет. Шетелден келген азаматтар қонақүйге тіркелу барысында қытай және ағылшын тілдерінде бекітілген карантиндік шараларды сақтау туралы міндеттемеге қол қоюы тиіс.


Пікір жазу
  • Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G қашан қосылады
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

    Ұқсас тақырыптар