Қорғаныс министрлігі Түркияның бронды техникасын сынақтан өткізбек

Уақыты: 2022-08-04 Көрлімі: 251 Сипаттама

Қорғаныс министрлігі түркиялық бронды техниканы сатып алу үшін сынақтан өткізеді. Бұл...

220801152921580e.jpg

Қорғаныс министрлігі түркиялық бронды техниканы сатып алу үшін сынақтан өткізеді. Бұл туралы ведомствоның Қазақстан армиясын қаруландыру саясаты туралы БАҚ-та жарияланған материалға берген жауабында айтылған, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Қорғаныс министрлігі қару-жарақ және әскери техника нарығына ұдайы мониторинг жасап отырады. Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгілерін таңдау тәртібі ресми нормативтік құжатпен регламенттелген»,- деп жазады министрлік мамандары.

Сондай-ақ Түрияның бронды техникасын сатып алу туралы түпкілікті шешім қабылданбағаны да айтылған.

«Түркиялық машиналарға келсек, оны да аталған нормативтік құжат белгілеген тиісті процедура аясында зерттеп жатырмыз.

Түркиялық брондалған дөңгелекті машиналарды сатып алу мәселесі ішкі ведомстволық кеңесші орган сынақтар қорытындысы бойынша оң шешім шығарса ғана қарастырылады»,- делінген ресми мәліметте.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі қайелдің пилотсыз ұшатын аппаратарын пайдаланып жүргені туралы мәлімет берген болатын.


Фото : gov.kz

Автор Есімжан Нақтыбай


Пікір жазу
  • Әлихан Смайылов: Бизнеске қойылатын талаптар түсінікті әрі айқын болуы керек
    Абай күні қалай аталып өтуі керек?

    Ұқсас тақырыптар