Шекарадағы ауылдарда 1,7 млн қазақстандық тұрып жатыр

Уақыты: 2023-01-17 Көрлімі: 280 Сипаттама

Ауылдарда орналасқан шекара заставаларының инфрақұрылым жетілдіріледі. Бұл туралы ҚР...

Снимок.JPG

Ауылдарда орналасқан шекара заставаларының инфрақұрылым жетілдіріледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлім етті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Шекараға жақын орналасқа ауылды елді мекендерді дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр», - деп сұрады Үкімет басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда бұл бағыттағы шаралар негізінен «Ауыл- ел бесігі» жобасының аясында іске асырылмақ.

«Жалпы қазіргі таңда шекаралық облыстарда шекарадағы ауылды елді мекендерді дамытуға арналған жобалар «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында іске асырылуда. Мемлекеттік шекарадан 50 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың саны 1,3 мың. Ол ауылдарда 1,7 млн адам тұрады. Министрлік тарапынан осы ауылдарды дамыту үшін тиісті жол картасы әзірленді. Бұдан басқа тиісті жұмыс тобы жұмыс істейді, - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуына қарағанда, ауылдарды дамытудың 2023-27 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы әзірленген.

«Бұл жобада инфрақұрылымды дамытудан басқа өзге де қызметтер қалыптастырылады. Оның ішінде отандық эфир, эфирлік телеарналар, интернетті күшейту сияқты шаралар көзделген. Ауылдарда орналасқан шекара заставаларыының инфраөқрылымын күшейту де көзделген», - деді ведомство басшысы.


Пікір жазу
  • Президент саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы көптомдық кітаппен танысты
    Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс артты?

    Ұқсас тақырыптар