Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісін тарату жөнінде кеңес өткізді

Уақыты: 2023-01-19 Көрлімі: 258 Сипаттама

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парла...

Снимок.JPG

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлаймыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты.

«Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Конституцияның 63-ші және 86-шы баптарына сәйкес өткізген кеңес барысында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі.

Кездесу соңында Президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.


Фото: akorda.kz


Пікір жазу
  • 2029 жылға дейін 1 миллионнан астам отбасы баспанамен қамтылады
    Президенттің Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесі