«Әділетті Қазақстан құру қолдарыңнан келе ме?»

Уақыты: 2023-02-23 Көрлімі: 441 Сипаттама

Сайлаушылармен кездесу үшін Елордадағы белгілі, беделді мекеменің алдына таяп қалдым....

Снимок.JPG

Сайлаушылармен кездесу үшін Елордадағы белгілі, беделді мекеменің алдына таяп қалдым. Қарсы жағымнан екі қолын артына ұстаған, белі бүгіле бастаған егде жастағы әйел адам маған жақындай бере үстімдегі Amanatтың имидждік ақ курткасына қадала қарап « Балам сен Нұр Отансың ба?»-деді.

-Апа амансызба! Мен Нұр Отан емес, Amanat пын.

- Балам-ау, Amanat дегенің Нұр Отан емес пе, басшыларың бұрынғы президенттің кластасының баласы Бауыржан Байбек емес пе? 

- Апа, ол кісі Нұр Отан кезінде төрағаның бірінші орынбасары болған, қазір партияның аты да, заты да өзгеріп кетті. 

- Онда қазіргі басшыларың кім?

- Қазір партияның төрағасы Қошанов Ерлан Жаханұлы деген азамат. 

- Қайсы Қошанов, әлгі «Әділетті Қазақстан құрамын»- деп, ұрандап жүрген Қошанов па? 

- Иә апа, сол кісі біздің басшымыз. Ал «Әділетті Қазақстан» құру Мемлекет басшысы Қ. К Тоқаевтың бастамасы ғой.  Ал біздің партия мемлекет басшысының батыл реформаларын іске асырудағы қоғамдық тірегі болып келеді.

- Дұрыс екен. Бұл басшыларың да бірінші орынбасарлығына өзінің кластасының баласын әкелді ме? 

-Жоқ апа, олай істеген жоқ. Басшылық құрамға қолы да, ары да  таза жастарды әкелді. Асхат Раздықұлы Оралов деген жас жігіт атқарушы хатшы болған, қазір ол кісі Мәдениет және Спорт міністірі болып кетті. Қазіргі атқарушы хатшымыз Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев деген жас жігіт. Бәрі де «Мемлекетке қызмет етемін»-деп, жанып тұрған азаматтар.

- Сонда «Әділетті Қазақстан» құру қолдарыңнан келе ме? Ал «таза жастар  басшылыққа келді» дейсің, қаншама жылдан бері халқын ойламаған жүйеде таза адамдар барма екен?

- Егер сіздер ел болып қолдасаңыздар неге «Әділетті Қазақстан»ды құрмасқа.?! Ол үшін халық өз талаптарын әділетті, заңды түрде қоюы керек. Ұрпақтарының болашағы үшін заң үстемдік еткен әділетті қоғамды құруға  ел болып ат салысуы керек! Ал сіздер сияқты ел қамын ойлайтын,  ұлтты тәрбиелейтін аналар тұрғанда еліне, мемлекетіне адал  қызмет істейтін азаматтар көпқой, Апа... Бірақ Соларды жетектейтін, дұрыс жолға салып, отан сүйгіштікке тәрбиелейтін аға буынның аз болғаны өкінішті! Ол біздің кінәміз...Апа!

- Айтқаның дұрысқой балам, өздерің жолдарыңды дұрыстай алсаңдар әлі де кеш емес... Ал бұл жақтан не іздеп жүрсің?

-Иә апа, « Сөз түзелді- Тыңдаушым сенде түзел»-деп, Абай атам айтқандай біз көшімізді түзеуге бет бұрдық. Егер бұл көшке еріп жүре алмайтын замандастарымыз болса, олардың жұртта қалары анық. Бұл жақта халықпен кездесіп партиямыздың алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырайын деп келдім. Сайлаушылар жиналып мені күтіп отыр. Сіз де жүріңіз, не айтатынымды өз құлағыңызбен тыңдайсыз.

-Шақырғаныңа рахмет,балам! Біздікі « Бақырауық түйенің-бары жақсы»-дегендей, ел қамы, ұрпақ болашағына алаңдағансоң ашынып айтқан сөз ғой...көңіліңе алма балам. Бірақ сайланарда «халықпен біргеміз»- деп, сайланып алғансоң «сендерді қайдан көрдім»-деп, баяғыдай керек кезде таппай қалмасақ болды. Халықпен жақын болыңдар, балаларым! Сендер де менің баламсыңдар, өз баласын қазақ өзекке теппейді...Адал қызмет етсеңдер аталарыңның аруағы да риза болады...Алаш жұрты да батасын береді. Әділетті Қазақстан құратындарың рас болса, басқаларды білмеймін өзім әулетіммен сендердің партияларыңа дауыс беремін. Біздің аумаққа да келіп кездесу жасайтын шығарсыңдар. Аман бол...Құлыным!

        Жаңағыдай емес жарықтықтың жанарына үміт ұшқыны пайда болғандай... Тіпті бүкірейген белі де жазылып, еңсесі көтеріліп кеткендей сезілді. 

        Әбдіғани Бәзілханұлы  

         23  02  2023ж.


Пікір жазу
  • Туризм саласы қалай дамиды – министрлік 6 жылдық жоспарын бөлісті
    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады

    Ұқсас тақырыптар