Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Уақыты: 2023-03-09 Көрлімі: 199 Сипаттама

Қазақстанда бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 13%-ға, жаңа тұрғын үй...


Қазақстанда бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 13%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 14%-ға өсті, деп  Egemen.kz-ке сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы ақпанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде – 25,4%-ға және Ақтауда - 25,2%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе баға келесідей өсті:

(Қайталама тұрғын үй нарығы)

  • Семей - 41%,

  • Қызылорда - 39,9%,

  • Ақтөбе - 36,9%Ақтау - 35,4%,

  • Қостанай - 30,9%.

(Жалдау нарығы)

  • Көкшетау - 53,7%,

  • Қостанай - 51,9%,

  • Алматы - 49,6%,

  • Петропавл - 49,3%.

Сондай-ақ бір ай ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,3%-ға, пәтерді қайта сату бағасы 0,4%-ға өсті. Қаңтар айында абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға өсті.

Ботакөз БАҚБЕРГЕН


Пікір жазу
  • Жастарға берілген «қармақ»
    Елімізде балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының қандай түрлері төленеді?

    Ұқсас тақырыптар