Jebeu.kz ақпараттық порталы уақытша жұмысын тоқтатады

Уақыты: 2023-05-26 Көрлімі: 851 Сипаттама

Редакция мүшелері ақылдаса келе, белгілі себептерге байланысты алдағы 3,4 ай уақытша тоқтата тұру шешімін қабылдады. О...

14c92939-9c66-4de0-9744-98beb95b15af.jpg

Jebeu.kz ақпараттық порталы 2017 жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай, Жебеу Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ашылған. Сайтта қандастар мәселесі, Қазақстандағы саяси-экономикалық жағдайлар жиі көтеріліп тұрды. Сондай-ақ тарихи және танымдық тақырыптағы мақалалар жарияланып отырды. Қазірге дейін үш жарым мыңнан астам мақала жарияланған болатын. Сайтымызды Қазақ елі ғана емес Қытай, Түркия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, АҚШ сияқты елдерде тұрып жатқан қандастарымыз да оқып отырды. 5 жылдан астам уақытта кейбір материалдардың оқылымы 50 мыңға дейін жетті. 

Порталымыз оқырмандарымыз үшін құнды материалдарды алдағы уақытта да таратып отыратынына кумәніміз жоқ. Тек редакция мүшелері ақылдаса келе, белгілі себептерге байланысты алдағы 3,4 ай уақытша тоқтата тұру шешімін қабылдады. Осы қолайсыздықтар үшін сайт оқырмандарынан кешірім сұраймыз және сіздерді көп күттірмей қайта оралатынымызды хабарлаймыз. 

Jebeu.kz ақпараттық порталының бас редакторы

Омарәлі ӘДІЛБЕКҰЛЫ


Пікір жазу
  • Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар