Айыппұл төлеп, бір жыл визасыз жүрген оралмандардың мәселесі шешілуі мүмкін

Уақыты: 2018-11-17 Көрлімі: 1500 Сипаттама

Айыппұл төлеп, бір жылдан аса визасыз қалған этникалық қазақтар мәселесі келесі жылдың...

Снимок.JPG

Айыппұл төлеп, бір жылдан аса визасыз қалған этникалық қазақтар мәселесі келесі жылдың басында біржола шешілуі мүмкін. Көші-қон қызметі тиісті заң жобасын Мәжіліске енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауы кезінде белгілі болды. Виза мерзімі өтіп кетіп, айыппұл төлеген қандастар бір жылға дейін қайта виза рәсімдей алмай жүр. Ал, визасыз не тұрақты тіркеуге тұра алмайды. Не азаматтыққа құжат та тапсыра алмайды. Бұл проблемаға әсіресе, Шыңжаң өлкесінен келген оралмандар тап болғаны есте. Өйткені, оларға Қытайға қайтып баруға рұқсат жоқ-тын.   

Арыстанғали САНСЫЗБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

 Оларды жазаға тартып, бір жыл азамттыққа қабылдамай қойсақ, мәселе тіпті күрделене түседі. Мұндай келеңсіз оқиғалар еліміздің көші-қон саясаты мен атқарушы биліктің белгілі дәрежеде беделіне нұқсан келетіні сөзсіз. Бүгін қабылдауда осындай жағдайға душар болған Қытайдан келген қандастырмыз шағымданды. Көші-қон қызметі айыппұл төлеген соң бір жыл бойы виза бермеу туралы шешімнен енді этникалық қазақтарды бөлек алып шығу туралы ұсыныс әзірлеп жатқан көрінеді.

  Ырысбек ИСАЕВ, ҚР ІІМ, КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

 Қазір 4-те Әділет министріне барамын. Осы бойынша Әділет министрлігіне хабарлаймын. Құдай қаласа, 2019 жылдың бірінші тоқсанында Мәжіліске енгізіледі. Заң өзгерту бір күннің жұмысы емес. Бірақ, жұмыс өткізіліп жатыр. 

М. Дюсекина

Дереккөз: "ASTANA TV"

Пікір жазу
  • Жазушы Шерхан Мұртазаның президент Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбаты
    Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

    Ұқсас тақырыптар