Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Уақыты: 2018-12-01 Көрлімі: 85 Сипаттама

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғ...

81868.jpg

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заңды қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретіндей белгілеген қаулы да шықты. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланды.

Қазақстандықтар бұл мерекені биыл алтыншы рет атап өтеді. 2011 жылғы 14 желтоқсанда ҚР президенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеген болатын.

Ел мен Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы сындарлы 27 жылдына саяси, әлеуметтік, экономикалық дамудың небір қиындықтары мен сынақтарын артта қалдырып, дамудың өзіндік жолына түсті. Осы орайда барша Қазасқтандықтарды өз көшбасшысын өзі таңдай алатын күнге жеткен мерейлі күнімен құттықтай отырып, назарларыңызға «Елбасы жолы» атты фильмді ұсынамыз.

 

Jebeu.kz

 




Айыппұл төлеп, бір жыл визасыз жүрген оралмандардың мәселесі шешілуі мүмкін
Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ: Қазақстанның Қытайға қарызын қайтаруға потенциалы жетеді