"АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫН". АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР

Уақыты: 2018-12-28 Көрлімі: 1910 Сипаттама

Америка қазақтары қауымдастығын (Kazakh American Association) 2007 жылы Вашингтонда осы елде тұрып жа...

sddefault-380x380.jpg

Америка қазақтары қауымдастығын (Kazakh American Association) 2007 жылы Вашингтонда осы елде тұрып жатқан бір топ қазақстандықтар құрған болатын. Ондағы мақсаттары – түрлі жағдаймен АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандықтарды біріктіріп, диаспоралар арасында қазақтардың төл мәдениетін сақтауына көмектесіп, американдықтарды Қазақстанның мәдениетімен және дәстүрімен таныстыру. Осы уақыттың ішінде АҚШ-тың сол жағалауында тұрып жатқан  қазақтардың басын бір орталыққа топтастырып, олардың батыс жағалаудағы, оңтүстік және солтүстік штаттарда тұратын өзге қазақтармен байланысын нығайтуға қол жеткізді. Олардың есебіне қарағанда осыдан 2 жыл бұрын АҚШ-та тұратын қазақтардың саны американдықтар асырап алған қазақ балаларын қосқанда 25-30 мың аралығында болған.

АҚШ-қа алғашқы қазақтар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қоныстанған. Олар соғыс кезінде түрлі жағдаймен немістерге тұтқында түсіп, кейін АҚШ әскері азат еткен жерлерден қоныс аударғандар. Жалпы АҚШ-тағы қазақтардың басым бөлігін 1990 жылдары барғандар құрайды.

Қауымдастық ұйтқы болып жүрген  шаралардың қатарында шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарының күйеулері арасындағы «Bazhalar Party» мен қазақ келіншектері арасындағы «бастаңғыны» мысалға келтіруге болады. Ал дәстүрлі Наурыз мерекесі кезінде олар 500-600 адамның басын қосатын көрінеді. Енді АҚШ-тағы қазақ диаспорасы туралы маусымдық журнал шығарып, Бүкіламерикандық қазақ құрылтайын ұйымдастырып, «Kazakh House USA» және қазақ тілі мен мәдениетін  ұйымдастыру орталықтарын ашуды жоспарлап отыр.

“Алыстағы ағайын” деректі фильмінде АҚШ-тағы Google компаниясында жұмыс істейтін инженер Ғалымжан Өтеулин мен IOT саласының маманы Абылай Оспанов жайлы.

Дереккөз: ДҚҚ Баспасөз қызметі

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • “АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫН”. ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫ: ҰЛЫ КӨШ
    “АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫН”. АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР: АЛМАЗ ШАРМАН