Қазақстан «Жусан-3» операциясын өткізіп, қақтығыс аймағынан 171 баланы шығарды

Уақыты: 2019-05-31 Көрлімі: 452 Сипаттама

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жусан-3» операциясының сәтті аяқталғаны туралы мәлі...

Снимок.JPG

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жусан-3» операциясының сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеме жасады, деп Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

"Менің тапсырмам бойынша 28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі табысты өтті. Сириядан отандастарымыздың кезекті тобы оралды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыстарының және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс аймағынан 171 бала шығарылды. Қазақстанға оралған соң, олар оңалту шараларынан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды.

Жусан» гуманитарлық операциясы – ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды және былтырдан бері жүзеге асырылуда. Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан Отанымызға 357 бала қайтарылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Жусан» операциясының басты мақсаты болды.

«Жусан» гуманитарлық операциясының қорытындылары мемлекетіміздің өте күрделі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті.

Осы операцияға қатысқан арнайы қызмет өкілдерінің, дипломаттардың, әскерилердің бәріне тапсырылған жауапты миссияны абыроймен орындағаны үшін алғыс білдіремін.

Елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды.

Біз өз азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін алдағы уақытта да қорғайтын боламыз" деген мемлекет басшысы мәлімдемесінде. 

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • "Жусан - 2" операциясы - Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді
    Мұхтар Шаханов Тоқаевтің кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді