Қанат Ислам қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберді

Уақыты: 2019-07-06 Көрлімі: 520 Сипаттама

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын 14 секундта нокаутқа жі...

qanat.JPG

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберіп,  орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы атағын жеңіп алды. 

Балуан Шолақ атындағы бокс кешінде Қанатт Исламның  қауіпті соққыларына шыдас бермеген  доминикалық боксшы Хулио де Хесус шаршы алаңда небәрі 14 секунд қана қарсылық көрсете алды.  Бұл жеңіс Қанаттың кәсіпқой бокстағы 26-ыншы жекпе-жегі және жеңісі. 

Аталмыш жекпе-жек андеркардында Қанаттан бөлек, 9 қазақ боксшысы шаршы алаңға шықты. Олардың барлығы да жеңіске жетті. Сапарбай Айдаров, Бексұлтан Раушанов, Берікбай Нұрымбетов, Арман Рысбек, Нұрсұлтан Аманжолов, Асқар Ерубек, Абылайхан Құсайынов, Руслан Мырсатаев және Мадияр Әшкеев сәтті кездесулер өткізіп, рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі өтті
    Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстфетасын Тоқаев екі министр мен Димашқа жолдады