АЛМАЗБЕК АТАМБАЕВ ҰСТАЛДЫ (ВИДЕО)

Уақыты: 2019-08-09 Көрлімі: 1694 Сипаттама

8 тамызда Қырғызстан қарулы күштері Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады....

e338b3cda73f70283b327e2bfa531d30.jpg

8 тамызда Қырғызстан қарулы күштері Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.


«2019 жылдың 8 тамызында милиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының МҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп еріксіз келтіру бойынша жүргізген іс-шаралары нәтижесінде А.Ш.Атамбаев ұсталды», - делінген хабарламада.

Ұстау кезінде арнайы операция орнында Қырғыз Республикасының ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев пен оның орынбасары милиция полковнигі Алмаз Орозалиев жетекшілік еткен.

ІІМ-де хабарлағандай, Атамбаев Қырғыз Республикасы заңнамасына сәйкес әрі қарай тергеу шараларын жүргізу үшін сәйкес органдарға жеткізілді.


Пікір жазу
  • Татарстанның бас телеарнасы да Абай өлеңдерін оқыды
    Айтан Нүсіпхан – ұлт руханияты үшін күрескен қайраткер

    Ұқсас тақырыптар