Тілге қатысты мәселелерді саясиландыруға жол берілмеуі керек - Ерлан Қарин

Уақыты: 2022-06-21 Көрлімі: 781 Сипаттама

Мемлекеттік тілдің барлық салаларда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұтқыр әдіск...

220621113451367e.jpg

Мемлекеттік тілдің барлық салаларда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұтқыр әдіске көшу қажет. Сондай-ақ елдің бірлігі мен қоғамдық тәртіпке кесірін тигізуі мүмкін тілге қатысты сезімтал мәселелерді саясиландыруға еш жол берілмеуі керек. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Youtube арнасында айтты.

«Ұлттық құрылтайдың жасақталуында, оның өткен орны мен уақытында бірқатар идеологиялық тұжырымдарды қамтитын ой бар. Бірінші ой – біздің мемлекеттігіміздің тарихы тым тереңде. Құрылтайдың Жошы хан кесенесі іргесінде өткізілуінде ерекше мән жатыр. Біздің мемлекеттігіміздің тарихы Алтын Ордадан бастау алып, Қазақ хандығы дәуірінде қалыптасып, Алаш Орда кезеңінде жалғасып, Тәуелсіздік Қазақстан тұсында қайта жаңғырды. Екінші ой – ұлтты ұйысуға үндеу. Құрылтайдың бірінші отырысы Ұлытауда өтті. Екінші жиын Түркістанда болады. Бұл халқымыз үшін киелі жерлер. Сондықтан мұнда барша халқымызды бірлікке шақырған идеологиялық ой бар. Құрылтайдың дәл осы уақытта өтуі деп бекер емес. Келелі жиын ел дамуының жаңа бағытын айқындаған және ұлттың ұйысуының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсеткен жалпыхалықтық референдумнан кейін өтті. Үшінші ой – мемлекет мүддесі бәрінен биік. Республика күнін қайта жаңғыртып, оған мемлекеттік мәртебесінің берілуі – Тәуелсіздік идеясымен мемлекеттік құндылықтарды берік орнықтыра түсуге бағытталған. Осы үш құндылық жаңа қоғамдық шартты қалыптастыру кезінде біздің ең басты бағдарымыз болады», – деп атап өтті Ерлан Қарин.

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші заң үстемдігін қамтамасыз етуге, пікір алуандылығын қолдауға және маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын уақытта қоғамның пікірін ескеруге еліміз дайын екенін атап өтті.

«Қоғам азаматтық жауапкершілікті дамытуы, жалаң ұрандарға және саяси авантюризмге ұрынбауы, радикализм мен экстремизмнің кез-келген түріне қарсы тұруы керек. Бұл қоғамдық шарт ұлттың жаңа сапасын көздейтін жаңарған, жалпыұлттық құндылықтарға негізделеді. Жаңа құндылықтардың өзегі - еңбекқорлық, еңбек адамына құрмет, кәсіби маманның абырой-беделі, қарапайымдылық, үнемшілдік және әрқашан білім-біліктілікті арттыруға ұмтылу сияқты қасиеттер болмақ. Осы құндылықтарға басымдық беру арқылы біз ұлт сапасын жаңа деңгейге көтере аламыз. Тағы бір маңызды құндылық - мемлекеттік тілді одан әрі дамыту. Бұл ретте оны барлық салаларда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұтқыр әдіске көшу қажет. Сондай-ақ елдің бірлігі мен қоғамдық тәртіпке кесірін тигізуі мүмкін тілге қатысты этносаралық қатынас және басқа да сезімтал мәселелерді саясиландыруға еш жол берілмеуі керек», – деді Мемлекеттік кеңесші.




Пікір жазу
  • Қазақстанға қоныс аударып жатқандардың көздегені не?
    Қандастарды қоныстандыруда не өзгерді?

    Ұқсас тақырыптар