Алдағы 3 жылда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған 3 мың отбасы баспанамен қамтылады

Уақыты: 2018-10-30 Көрлімі: 708 Сипаттама

Жақында оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарына қоныс аударушыларға тұрғын үй сал...

20170729150338063_big-900x_.jpg

Жақында оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарына қоныс аударушыларға тұрғын үй салу және сатып алу механизмі іске қосылмақ. 29 қазандағы Үкімет ортысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрі Мәдина Әбліқасымова бұл жоспарды орындау үшін 2019-2021 жылдары бюджеттен 15 млрд теңге бөлінетінін  мәлімдеді.

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден 1 488 отбасы немесе 4 925 адам қоныс аударды. Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 2,5 мың адам қатарынан 1,5 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды. 87 адам кәсіпкерлікпен айналысуда», - дейді Мәдина Әбілқасымова.

Министрдің айтуынша, биыл Павлодар облысына - 361 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына - 400 отбасы, Қостанай облысына - 224 отбасы, Шығыс Қазақстанға - 413 отбасы және Ақмола облысына - 90 отбасы қоныс аударған. 

«Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныстану кезінде қоныс аударған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі маңызды фактор болып табылады. Ол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік бағдарламада жұмыс берушілердің қатысуымен қоныс аударушыларға тұрғын үй салу және сатып алу механизмі көзделген. Бұл тәсіл алдымен Солтүстік Қазақстан облысында апробациядан өткізіліп, кейін басқа өңірлерде қолданылады», - дейді Мәдина Әбілқасымова. 

Министр баяндамасында, бүгінгі таңда 2019-2021 жылдары осыған қажетті 15 миллиард теңге қаражат бюджетте көзделгенін, нәтижесінде облыста алдағы үш жылда үш мыңға жуық қоныс аударушы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтып өтті.

Jebeu.kz









Пікір жазу
  • Алматы Еуропалық форумда ең «ақылды» қала атанды
    Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылды

    Ұқсас тақырыптар