АЛМАТЫДА «ЭТНО FASHION - ДАЛА ДИДАРЫ» АТТЫ СӘН КЕШІ ӨТТІ

Уақыты: 2018-11-23 Көрлімі: 319 Сипаттама

22 қарашада Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай «Ерке-Нұр» сән театырының «Этно Fashion -...

IMG_4917.JPG


 22 қарашада Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай «Ерке-Нұр» сән театырының «Этно Fashion - Дала Дидары» атты сән кеші өтті.

Сән кеші Мега сауда орталығында күмбірлеген күймен басталып, «Ерке-Нұр» сән үйінің өнімдеріндерін таныстырды. Сән көрмесінде Тұмар, Кербез, Саламат, Сұлтан, Ару ана қатарлы 9 коллекциядан құралған ұлттық бренд  топтамалары көрсетілді.

46671238_10216825875066779_5853413793014480896_n.jpg

 Алматы қаласы Мәслихат депутаты, “Ерке-Нұр” сән үйінің директоры Фарида Мерхамитқызы «Ерке-Нұрдың» өнімдерін халыққа таныстыру мақсатында бұл кеш жылында бір рет өтіп тұратынын, халықтың ұлттық киімдерге деген сұранысы жылдан жылға артып келе жатқанын айтты.

46508643_10216825881506940_6066596552040775680_n.jpg

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс», делінген. «Ұлттық киім – ұлттық рух» ұранымен өтетін шараның басты мақсаты - ұлттық киім тарихын зерделеу арқылы ұлт тағдырын зерттеуге қызығушылықты арттыру, жастардың эстетикалық талғамын арттырып, ойы мен қиялын ұштау, оларды осы тараптағы ізденістерге жетелеу, ұлттық нақышты өнім тудыруға шабыттандыру, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке баулу, сондай-ақ, қазақтың әдебиеті мен өнер-біліміне қызығушылықтарын арттыру; Бар өмірін ат үстінде өткізген көшпенділер құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығында, салқын самалы мен аңызақ желіне қамсау болар киімнің түр–түрін ойлап тапқан. Яғни, табиғатпен біте қайнасып, жер еміп еркін өскен бабаларымыз дүниенің шексіздігіндей кең даланың дидарын жылдың төрт мезгіліне арналған киім үлгілеріне сыйдырған. Аталмыш сән шарасында көпшілік назарына ұсынылатын ұлттық киім үлгілері арқылы, ең алдымен, қазақтың осы шабыттың қайнар-бұлағындай табиғат-шебермен етенелігін таныту көзделеді», - дейді Фарида Мерхамитқызы.

IMG_4913.JPG

«Ерке-Нұр» сән үйі 1997 жылы құрылған. Қазіргі заман талғамына сай ұлттық киімдерді тігеді. Кәсіпорын жанынан 2004 жылдан бері «Ерке-Нұр» Сән театры жұмыс істеп келеді. Жыл сайын жаңа коллекциялармен толыға түсетін Сән театры ел тәуелсіздігінің 15 жылдығы кезінде Германия, Бельгия, Голландия, Америка елдерін аралап, қазақтың киім үлгілерін көрсетіп, үлкен құрметке ие болып қайтқан. Сондай-ақ, Қытай, Түркия, Германия, Швеция, Ресейде өткен бүкіл­әлемдік сән өнері сайыстары мен фотомодель байқауларында «Ерке-Нұрдың» киімдері жүлделі орындарды иеленді. 2007 жылы «Жыл таңдауы» байқауының қорытындысы бойынша «Ең үздік сән орталығы» атанған. «Ерке-Нұрдың» шапандарын Елбасымыз да бірнеше елдің президенті мен құтты қонақтарына кигізген.



Снимок.JPG

Jebeu.kz

 


ҚЫТАЙ ЕЛШІСІ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
Елбасы мақаласы Шығыстану факультетінде талқыланды.

Ұқсас тақырыптар