Дәурен Абаев: Делдалдардың көзін жою керек

Уақыты: 2019-02-20 Көрлімі: 1587 Сипаттама

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметтер саласынд...

2018_12_06_140900079900.jpg

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметтер саласында делдалдармен күресті күшейтуді тапсырды,  деп  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуі тиіс. Мәселен, мемлекеттік корпорацияға мүлдем қатысы жоқ кей адамдар оңай олжаның түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Олар қызмет түрлерін өздері алып үйренбеген азаматтарға көмектескен болып, сол үшін ақша алады. Сондықтан, мемлекеттік корпорация осындай делдалдардың жұмысын дер кезінде анықтап, дереу жоюы қажет» , - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде. 

Айта кетейік, жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көлік құжаттарын рәсімдегенде алаяқтарға алданбауға кеңес берген еді. Агенттіктің мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаевтың айтуынша, мамандырылған xалыққа қызмет көрсету орталықтарында жүретін делдалдар xалықтың сауатсыздығын пайдаланып жатады. 

«Олар xалықты ашық алдайды. Мысалы, бір адамға келеді де, көлікті тіркеуге қоюды, я болмаса, тіркеуден алуды жылдам істеп бере аламын дейді. Бір-бір жарым сағаттың ішінде дайын болады деп сендіреді. Негізі, аталған мемлекеттік қызмет тура сол уақытта - бір сағаттың ішінде жасалады. Барлық құжаттар дұрыс болса, операторға тапсыру қажет. Болды. Ешқандай делдал да керек емес. Бір сағаттың ішінде бәрі дайын болады. Ал делдалдар xалықтың сауатсыздығын пайдаланып, соны өздері істегендей болады. Былайша айтқанда, адаммен бірге отырып күтеді. Сол үшін ақша алып кетеді», - деді Э.Үйсімбаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 

Оның айтуынша, мемлекеттік нөмірлердің арнайы үлгілеріне қатысты алаяқтық әрекеттер де көп. Делдалдар арнайы нөмірді алып беруге көмектесеміз дейді де, сол үшін ақы алады. Ал оның бәрін электронды үкімет порталында, сондай-ақ, мамандырылған ХҚКО-ның өзінде ешбір кедергісіз алуға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Әсемгүл Балташеваның сөзіне қарағанда, өткен жылы республика бойынша ішкі қауіпсіздік қызметі делдалдықтың 290 фактісін анықтады. 

«Біз соның бәрін тіркеп, тиісті құзіретті органдарға жібердік. Әкімшілік xаттамалар рәсімделді. Бүгінде өзін сақтандыру агентімін деп таныстыратын делдалдар көп. Бірақ сақтандырудың өзін онлайн режимде порталдан алуға болады. Халық көп жағдайда оны білмейді де, делдалдарға алданып қалады», - деп атап көрсетті Ә.Балташева. 

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Цифрлық Қазақстан: Ақпараттық теxнологиялар қай салаға енгізілді
    Жаңа замандағы - Жібек жолы һәм Қазақстан