Министр мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффиценті бекітілгенін айтты

Уақыты: 2019-04-15 Көрлімі: 89 Сипаттама

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру жолында 1 маусымнан бастап мұғ...

2019022612412580345_2019022609563334956_39e9de352ea07f1e7c56.jpg

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру жолында 1 маусымнан бастап мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Министрдің айтуынша, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэффицентті бекітті. Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі есептеу жұмыстарын бастап кетті. 

"Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персоналдың айлығы көтеріледі. Олардың ішінде еңбек өтілін енді ғана бастаған жас мұғалімдер, колледж ұстаздары, псиxологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері мен көмекшілері, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер бар", - деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, көмекші персоналдың жалақысы да артады. Олар - еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер. "Сосын басқарушы персонал бар. Олар - мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары", - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.


Jebeu.kz



Шытынаған әлем
М. Әшімбаев: Қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қолға алуымыз қажет