ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ӨНДІРІС ҚУАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӨНІНДЕ

Уақыты: 2019-05-05 Көрлімі: 2292 Сипаттама

Қазақстанмен Қытай қатынастарындағы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастық – е...


big_6853e01c5455b540ee54479043a2ea5b.jpg

         Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастық – екі елдің стратегиялық әріптестік қатынастарының жаңа кезеңіндегі тың нәтиже ретінде, сондай-ақ ол әлі де дами түсетін ынтымақтастық моделі реттінде зерттеуге тұратын маңызды тақырып деп санаймын.

1. Қазақстан-Қытай арасында өндіріс қуаты ынтымақтастығының орнауы

          1992 жылы Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қатынас орнатқаннан бері, екі елдің әрбір саладағы достық ынтымақтастық қарым-қатынастаркеңістігі біртіндеп кеңею және өрлеу динамикасында келеді. 2002 жылы Қазақстан мен Қытай арасында тату көршілік және достық ынтымақтастық қатынас орнады, 2005 жылы ол стратегиялық әріптестік қатынасқа айналды, 2011 жылы жалпы беттік стратегиялық әріптестік қатынас деңгейіне көтерілді.

         2013 жылы қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпин Орта Азия мемлекеттеріне жасаған алғашқы сапарында алдымен Қазақстан Республикасына келді. Ол сапар барысында Назанбаев университетінде жасаған баяндамасында: «Инновациялық ынтымақтастық моделімен  Жібек жолы экономикалық белдеуін ортақ құрайық» деген халықаралық инициативасын ұсынды. Бұл ұсыныстың дәуірлік, геосаяси және геоэкономикалық маңызы зор еді. Сондықтан оған Қазақстандереу үн қосты. Сол жылдың 11 қарасшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылға арнаған Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын жариялады[1]. Бұл жаңа саясаттың басты мақсаты - экономикалық құрылымдық трансформацияны ілгерлетіп, пәрменді түрдеэкономиканы өсіру. Сондықтан  «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты қатынас-транспорт, өнеркәсіп, энергетика, әлеуметтік имфрақұрылымдарды дамытуды басты орынға қойды. Сонымен Қазастанның болашақ даму жоспары Қытай инициативасымен ұштасып, екіжақтың «Бір белдеу-бір жол» аясындағы «саясаты сайкесіп», екі ел қатынастарын жаңа тарихи кезеңге көтерді. Сондай-ақ екі елдің өндіріс қуаты саласында ынтымақтастық орнатуына саясаттық негіз қалады. Содан бастап «Қытай мен Қазақстан өндіріс қуаты саласында ынтымақтасудың жолдарын қарастыра бастады»[2].

            Ал екі елдің «Саясат сәйкестігі» жоғары дәрежелі басшылардың өзарасапарларын көбейтті. Сапарлар барысында екі жақ«Бір белдеу-бір жол» аясында бірқатар ынтымақтастық келісім шарттарға қол қойды және оны біртіндеп іске асырып келеді.

         2014 жылы желтоқсан айында ҚХР премьер министрі Ли Кэчан Қазақстан Республикасына сапармен келді. Екі ел үкіметтері жалпы құны 14 милрд доллар тұратын 30-дан астам ынтымақтастық келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ «Жібек жолы экономикалық белдеуі құрылысын ортақ ілгерлету мемурандумына» қол қойып, жалпы құны 18 миллиард доллар тұратын Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жобасы шартын жасады. Сондай-ақ екі жақ алғашқы қадамда 16 ерте өнім беретін жоба және 63 болашақта жасалатын жобалардың тізімін бекітті. Онда цемент, металлургия, әйнек жасау, тау-кен өндірісі, химия, энергетика және электр қуаты қатарлы салалар қамтылған.

         2015 жылы науырызда Қазақстан Республикасы премьер министрі Карім Мәсімов Қытайға жасаған сапарында, екі ел өндіріс қуаты және инвестиция ынтымақтастығы мемурандумына қол қойды, сонымен қатар металлургия, мұнай өңдеу, су электрстаниясы, машина жасау, түсті металл, әйнек жасау қатарлы жалпы құнды 23,6 млрд доллар тұратын өндіріс қуаты ынтымақтастық келісімшартына қол қойды. 2015 жылы желтоқсанда ҚР мен ҚХР премьер министрлері «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтерінің бірлескен мәлімдемесін» жариялады. Онда «Тезарада «Жібек жолы экономикалық белдеуі мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұштастыруды жоспарлау бірлескен қызметін бастау» айтылды.

         2015 жылы 31 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жасаған сапарында, Қазақстан мен Қытай мемлекет басшылары «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы жалпыжүздік стратегиялық әріптестік қатынастың жаңа кезеңі жөнінде бірлескен декларацияға» және өндіріс қуаты мен инвестиция ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық рамкалық келісімшартқа қол қойды. Міне, бұл екі елдің даму стратегиясының түйіліскенін көрсетеді. Сондай-ақ ол Қытайдың шет елмен қол қойған ең алғашқы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастық келісімшарты болып табылады[3].

            Осы келісімшартының жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін, Қытай сала-аралық қызмет механизмін, өндіріс қуаты ынтымақтастық қорын құрды. Оның аясында 51 жобаны іске асыру белгіленді. Сондай-ақ 23 млрд доллар тұратын 25 келісім шартқа қол қойды. Соның ішінде машина құрастыру, политилэн, Астана қаласында жеңіл поез жолын салу, металлургия, темір қорыту, цемент қатарлы жобалар қолға алынды.

         Демек, жоғарыдағы келісім шарттардың жасалуы және олардың іске асырыла бастауы, екі ел арасында өндіріс қуаты саласында ынтымақтастық қатынастарының қалыптасқандығын көрсетеді.

 

2. Қазақстан-Қытай өндіріс қуаты ынтымақтастық қатынасының дамуы

2016 жылы 2 қырыкүйекте Қазақстан мен Қытай үкіметтері «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері «Жібек жолы экономикалық белдеуі» құрылысы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты ұштастыру жоспары» деген құжатқа қол қойды. Бұл «Жоспарда» қатынас-транспорт саласында негізгі инфрақұрылымдарды өзара жалғау ынтымақтастығын нығайту, Қытай-Қазақстан – Батыс Азия; Қытай-Қазақстан- Ресей-Батыс Еуропа және Қытай-Қазақстан-Оңтүстік Капказ-Түркия-Еуропа қатынас жолдар құрылысын белсенділікпен ілгерлету; Қытай тарапы батыс солтүстік шекарадан шығыс оңтүстік теңіз жағасына дейінгі маршут қатынас инфрақұрылымдарының сапасын жақсартып, екі тараптың тасжол, шойын жолдардың тасымал қуатын артырып, жаңа Азия-Еуропа магитральды көпір экономикалық дәлізі құрлысын нығайтады,- деп көрсетілген. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке Қазақстан мен Қытай арасында қол қойған ынтымақтастық жобаларды алдымен іске асыруды тапсырды [4].

2017 жылы мамырда Бейжиңде өткен «Бір белдеу-бір жол» самитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөінде: «Жібек жолы жобасын іске асыру тұтас бір өңірлерді, соның ішінде Орталық Азияны жаһандық контексте жаңа тұрпатта таныстыруға мүмкіндік береді»- деп атап көрсетті. Сондай-ақ ол «Ғылыми инновация саласында терең ынтымақтасуды»[5] ұсынды.Бұл оның сол жылғы Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған ғылыми-техника және білім беру саласында инновацияны дамытып, халықтың бәсекеге қабылиетін артыру саясаты үшін ортаға қойған нақты ұсынысы еді. Міне, бұдан Қазақстан Президетінің ғаылми-техника саласында Қытаймен кең көлемде ынтымақтасуға иетті екендігін көруге болады.

Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше елшісі Шахрат Нұрышев: «Қазақстан мен Қытай «Бір белдеу – бір жол» жобасының маңызды құрамдас бөлігі болған – «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бойынша тығыз ынтымақтасып келеміз. Қазіргі таңда біз Қытай тарапымен өндіріс қуаты саласында жалпы құны 26 млрд доллар тұратын 51 жобаны іске асырудамыз. Осы жобалардың сәтті түрде жүзеге асуы тек Қазақстанды қана емес, бүкіл аймақты дамытады деп сенемін»[6] дейді.

Қазірдің өзінде Қазақстан мен Қытай өндіріс қуаты саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, шойын жол, металлуригия, түсті металл, құрылыс материалдары сияқты өндіріс қуаты саласында айтарлықтай дамып келеді. Ақтоғайдағы жылдық өнімі 250 мың тонна болатын мыс-кен завоты, Павладар облысындағы жылдық өнімі 250 мың тонналық Электролитикалық алюмин завоты, Каспийдегі жылдық өнімі 1 млн тонна Асфалит завоты, Минаралдағы күндігі 3 мың тонналық цемент завоты сияқты 34 жобаның құрылысы аяқтап өнім шығара бастады. Нұр-Сұлтан қаласында қытай стандартымен жасалған автоматты жеңіл релисті поез, Алматыдағы Болат-әйнек завоты мен Ұзын спиральдық дәнекерлейтін болат туруба завоты, Солтүстік Қазақстан облысы аргарлық өнімдерді өңдейтін кәсіпорын, Атырау мұнай өңдеу завотыда мұнайды терең өңдеу жобасы, Қостанайдағы Цзэнхуай машина құрастыру кәсіпорны сияқты 43 жоба жүзеге асуда.

Міне, осындай фактілерден, Қазақстан мен Қытайдың жалпыжүздік стратегиялық әріптестік қатынастары жаңа даму кезеңіне қадам басқаннан бері, екі елдің өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастығында қарқынды даму динамикасы байқалады.

 Бұл Қытайдың жаңа халықаралық жағдайда ортаға қойған ынтымақтасып жеңіске бірге жету сынды тың концепциясын Қазақстанның қабылдады және оған белсенді сәйкесті, сол арқылы өзінің «Нұрлы жол» жаңа экономика саясатын «Бір белдеу-бір жол» жобасымен ұштастырып, екі елдің өндіріс қуаты саласындағы қатынастарын кеңейтті және оның деңгейінкөтере түсті. Сондықтан да Қазақстан Президентті Нұрсұлтан Назарбаев: «шетелдік инвестиция мен кредит санының көлемі жағынан, сондай-ақ бірлескен инвестиция кәсіпорындарының саны жағынан ҚХР Қазақстанның негізгі экономикалық әріптестерінің біріне айналды»[7] деген болатын. ҚХР-дың Қазақстандағы бас елшісі Чжан Ханьхуй: «Бір белдеу-бір жол» аясында Қытай мен Қазақстан 50-ден астам жоба бойынша өндіріс қуаты ынтымақтастық жасады, ынтымақтастықтың жалпы құны 27 млрд доллар, оның бірнеше жобасы орындалды немес орындалуда»[8] деген болатын.

Жоғарыдағы фактілер, Қазақстан «Бір белдеу-бір жол» мен «Нұрлы жолды» өзара ұштастыра отырып жасаған өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастығы мол нәітиже бергенін көруге болады. Бұның Орта Азияға үлгілік мәні ие екені күмансіз.

 

3. Қазақстан-Қытай арасындағы өндіріс қуаты ынтымақтастығының перспективасы

Қазақстан мен Қытай арасында өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастықтың даму болашағы зор. Өйткені Қазақстан мен Қытай индустуриясы мен табиғи ресурсында бірін-бірі толықтайтын тұстары өте көп, әсіресе екі елдің негізгі имфрақұрылымдары мен өңдеу өнеркәсібі жақтарында өндіріс қуаты бойынша ынтымақтасудың кеңісті зор. Қазақстан мұнай өнеркәсібін негіз еткен, энергетика, ауылшаруашылығы мен малшаруашылығы өнімдерін экспорт ететін Орта Азиядағы ірі мемлекет. Сондай-ақ ол белсенді түрде индустрияландыруды, имформацияландыуды экономикалық әртараптандыруды жүзеге асырып жатқан мемлекет болғандықтан, Қазақстанға қаржы мен техника өте қажет. Ал Қытай болса, оның қаржысы да, техникасы да мол мемлекет. Оның үстіне олардың негізгі инфрақұрылымдық құрылысы негізінен толықтанған, металлугия, цемент, электр қуаты, электролитикалық алюмин сияқты басты өнімдері өз сұраныстарынан асып жатыр[9]. Сондықтан Қытай үшін артық өндіріс қуаты өнімдерін басқа жаққа жіберу өте өзекті болып тұр. Міне, осындай экономикалық жақтап бірін-бірі толқытыратын жағдай Қазақстан мен Қытай арасында өнддіріс қуаты бойынша ынтымақтастықты дамытуға үлкен мүмкіндік жасап отыр.

Саясат тұрғысынан айтқанда, Қытай Компартиясының бас хатшысы Си Цзиньпин ҚКП-ның ХІХ съездінде жасаған баяндамасында: «Қытайдың ұстанып келген ашықтық негізгі саясаты өзгермейді, есікті ашық ұстап құрылыс жүргізуде табанды болды, «Бір белдеу-бір жол» хылықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерлетіп, саясаттың сәйкесуін, имфрақұрылымдардың тұтасуын, сауданыңағылуын, қаржының қосылуын, халықтар жүрегінің тұтасуын тырысып іске асырып, халықаралық жаңа мінбер қалыптастырып, ортақ дамуға тың күш қосады» [10] деп атап көрсетті. Сондықтан Қытай «Бір белдеу-бір жол» құрылысын жалғастырады деуге негіз бар. Қазақстан «Қытайдың бір белдеу-бір жол» халықаралық иницитивасы Қазақстанға, тіпті Орта Азияға дамудың жаңа мүмкіндік орайын тудырды» [11] деп қарайды. Екі ел арасындағы өндіріс қуаты ынтымақтастығы болашақта Қазақстанның экономикалық жақтан кілең шикізат экспортына иекарту жағдайын өзгертуге септігін тигізеді. Сондай-ақ Қазақстанның индустурияландыру процесін ілгерлетіп, экономикалық бәсекеге қабылеттілігін арттырады, жұмыс орнының көбеюіне, халық тұрмысының жақсаруына пайдасы тиеді. Соңғы жылдардағы халықаралық қатынастардың өзгеріс беталысынан қарағанда да, Қазақстан мен Қытай арасындағы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастығы тіпті де тереңдей түсетін түрі бар.

2014 жылы желтоқсанда Қазақстан мен Қытай өткізген өндіріс қуаты бойынша диалогінде, екі тарап ынтымақтастықтың принциптерін анықтаған болатын. Онда: «Үкімет жетекшілік ету, кәсіпорындар өзара ұштасу, прагматикалық серіктесу, өзара пайда жеткізіп, жеңіске бірге жету» - деп көрсетілген. Сондықтан Қазақстан мен Қытай осындай өзара пайда жеткізіп, жеңіске бірге жету принциптері негізінде ынтымақтасық қатынас орнатты деп санаймыз.

«Ынтымақтасып жеңіске бірге жету» концепциясы бүгінгі Қытайдың ұстанған жаңа халықаралық қатынастар принципі, сондай-ақ оны Қытай өзінің сыртқы ынтымақтастық қатынастарын дамытудың жаңа принципі ретінде қолданып келеді. «Ынтымақтасып жеңіске бірге жету» дипломатиялық концепциясы, әлем елдерінің дамуына, адамзаттың бейбіт өркендеуіне, халықаралық барыс-келістер мен ынтымақтастық жасауда маңызы зор. Сондықтан бұл концепция халықаралық қауымдастықтардың кең келемде қолдауына ие болды. Өйткені мұндай концепция мен дипломатиялық принциптер дәуірдің даму беталысына сәйкеседі. Практика  дәлелдегендей, әрқандай бір ортақ дамитын, барлқ ел бірдей пайдасын көретін халықаралық инициативалар мен жобаларды халықаралық қауымдастықтар қолдайды, қабылдай алады, егер бастамашыда жеткілікті күш-қуат пен ізгі ниет болып, әр елдің әлеуметтік дамуын іске асыра алатын болса, әрине.

Қарірге дейін Қазақстан мен Қытай «Бір белдеу-бір жол» аясында, «ынтымақтасып жеңіске бірге жету» негізгі пинципінде өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастықтары бірқатар нәтижелерге қол жеткізіп, Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуын ілгерлетті. Сондықтан екі елдің өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастығы болашақта әлі де дами түседі деуге негіз бар.

Қазақстан мен Қытай мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтарының нәтижелі болғанын атап көрсетіп келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы маусымның 7-8 күндері Қытайға жасаған мемлекетік сапарында Қытай басшысымен келіссөз өткізіп, «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы бірлескен Декларациясына» қол қойды. Осы Декларацияның екінші тарауында «Екі тарап Қытай мен Қазақстан ортақ құрған «Бір белдеу-бір жол» ынтымақтастығының қол жеткізген қомақты нәтижелерін жоғары бағалайды. Бұл ынтымақтастық екіжақты қатынастың дамуына өте маңызды.Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуін» құру нициативасы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының өзара ұштасуының маңызы зор екендігін атап көрсетеді, сондай-ақ ашықтық, тұнықтық рухымен екі елдің әрбір саладағы ынтымақтастығын ілгерлете береді» [12] деп көрсетілген.

Қытай премьер министрі Ли Кэчан Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенде былай деді: «Соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығы бірқатар тың нәтижелерге қол жеткізді, әсіресе, өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастың тереңдеуі белсенді нәтижелер көрсетті. Ендігі жерде екітарап негізгі имфрақұрылым құрылыстары, энергетика, тәбиғи ресурс қатарлы салалардағы өндіріс қуаты ынтымақтастығын ілгерлетіп, аграрлық өнімдер саудасын кеңейтіп, қаржы салаларда ынтымақтастықты дамытуды үміт етемін. Ортақ күш сала отырып сауда инвестициясы мен адамдардың келіп-кетулерін оңтайландыру, екі мемлекеттің индустриялық өнімдерінің сапасын көтеруге ортақ күш сайлайық. Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өзара сәйкесіп, тіпті  де прагиматикалық ынтымақтастық нәтижелеріне қол жеткізіп аймақ мемлекеттері мен халықтарына байлық жаратайық» [13].

Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде, Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасқа көңіл бөледі, екі елдің әр саладағы ынтымақтастығы жемісті болып отыр, сауда ынтымақтастығы ұздіксіз өсіп келеді, өзара пайда жеткізу, жеңіске бірге жетудің үлгісі көрсетілді. Қазақстан «Бір белдеу-бір жол» құрылысындағы маңызды  әріптес, Қытаймен даму стратегиясы бойнша ұштасып, өнеркәсіп, инвестиция, инновация, ауылшаруашылығы, энергетика, қаржы сияқты салаларында прагматикалық ынтымақтасуды қалайды»[14] –деп, атап көрсетті.

Демек, жоғарыда айтылған саясаттық негізде, Қазақстан мен Қытай арасындағы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастықтар болашақта кең көлемде, әрбір салада тереңдеп дами түседі деп межелеуге болады. Бұл үшін екі ел үкіметтері болашақ ынтымақтастық байланыста, «халық жүрегін тоғыстыруға» баса назар аударып, ынтымақтастықты дамытуға лайықты мәдени – гуманитарылқ ортаны қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек деп санаймыз. Өйткені халықтардың өзара түсінігі кез-келген халықаралық ынтымақтастықтың сәтті болуының кепілі.

Өкінішке орай, «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясында Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығында өткен жылдың (2018) қараша айында түсініксіз жағдай орын алды.

2018 жылы 5 қарашада ҚР Парламет мәжілісі үкіметің Қытай-Қазақстан өндіріс қуаттары ынтымақтастық Қоры қытай инвесторлары кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімге қол қою туралы №340 қаулысын бекітті. Бірақ мұны қазақстандықтар қабылдай алмады, наразылық пікірлерін ғаламторға қаптатқаны белгілі. Мұның да өзіндік қисыны бар деп санаймыз.

              Біріншіден, қазіргі таңда Қазақстан сырттан инвестиция тартуға өте мұқтаж емес, әсіресе, химия завоттарын салуға соншалықты зәру емес. Сондықтан Қытай инвестрларын табыс салығынан босатып химия завоттарын салдыудың қажеті жоқ деп санайды.

             Екіншіден, Қытайда өндіріс қуаты өз қажетінен асып-тасып жатыр. Оларды, әсіресе химиялық завоттарын Қазақстанға әкелуге олардың өздері мұқтаж болып тұрғанда жағдайда оларды табыс салығынан босатудың жөні жоқ еді.

             Үшіншіден, мұны «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясындағы өндіріс қуаты саласындағы ынтымақтастық деп түсіндіреді. Ал, Қытай үкіметі: «Бір белдеу – бір жол» жобасының басты мақсаты – Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің әлеуметтік эконмикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер жасау, олармен тең дәрежеде ынтымақтасып жеңіске бірге жету, - деп, бадырайтып жазған болатын. Олай болса, Қытай тарапының инвестрлеріне табыс салығынан босатуды талап етуі, өздері алға қойған ынтымақтастық принциптеріне қайшы келеді. Сондай-ақ ол Қытайдың халықаралық имиджине де нұқсан келтіреті сөзсіз. Әсіресе, «Бір белдеу-бір жол» жобасының жүзеге асуына кері әсер ететіне сөзсіз.  Мұны Қытай тарапы ойлануы керек еді.

             Сондықтан Қазақстан мен Қытай үкіметтері «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасында бекітілген принциптер бойынша, екі елдің өндіріс қуаты саласындағы ынтамақтастық қатынастарын реттеп, екі тарап та тең пайда көретуді қамтамасыз етулері керек деп санаймыз.

Изображение 270.jpg

Мұқаметханұлы Нәбижан т. ғ. д., профессор,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Алматы қ., Қазақстан

(03.05.2019. «Бір белдеу - бір жол» және «Нұрлы жол» жобаларының концепциясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жасаған баяндама)

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Egemen Kazakhstan»20141111.

        2.王志民:“一带一路”背景下中哈产能合作及其溢出效应。“东北亚论坛”, 2017年第一期,第44 页。

            3.«Aikhen», 2015830日。

     4.http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2017-zhylgy-31-kantar

            6. 努雷舍夫:光明大道一带一路积极对接将打造合作典范。2017051202:11 每日经济新闻http://finance.sina.com.cn/roll/2017-05-12/docifyfecvz1021606.shtml

7. «Aikyn». 16 мамыр 2017 .

8.http://kz.chineseembassy.org/chn/zhgx/t1568148.htmhttps://baike.baidu.com/item/%E4%BA%A7%E8%83%BD%E5%90%88%E4%BD%9C/17012573

          9.王志民:“一带一路”背景下中哈产能合作及其溢出效应。“东北亚论坛”, 2017年第一期,第45 页。

            10. 习近平:中国共产党第十九次全国代表大会上的报告(20171018日). -北京:《人民出版社》, - 2017年。

            11.Н.НазарбаевҚытай – жаңа мүмкіндіктер көзі. «Тurkistan bao», 2017, 3 қыркүйек ; Орталық Азияны жаңа тұрпатта таныстыруға мүмкіндік беретін бастама. «Aikyn bao» . -2017, 16 мамыр.

1213.14. http://kz.chineseembassy.org/chn/zhgx/t1568148.htm

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • «Миллиондық» қалаларда жастарға пәтер қазан айында беріле бастайды
    Екеудің ерегесі