Университетім – мақтанышым

Уақыты: 2019-01-15 Көрлімі: 1190 Сипаттама

Қасиетті қара шаңырақ ҚазҰУ – 85 жылдан астам тарихы бар, классикалық білім берудің нақ...

preview_kz_186_1547619782.jpg

 

Қасиетті қара шаңырақ ҚазҰУ – 85 жылдан астам тарихы бар, классикалық білім  берудің нақты үлгісін жасаған үлкен орда. Университетімізұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға  деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген таусылмас білім ордасы.

«Тәрбиесіз берілген білімадамзаттың қас жауы» – деп ғұлама әлФараби айтқандай, тәрбиеге толы құндылықтар мен қатар, студенттердің білім көкжиегін жан-жақты көбейтуде жақсы істер атқарылуда.Ұлттық рейтингті жоғалтпаған ЖОО қатарында  көшбасшы орынға  ие. Оқу үдерістерінде студенттердің алаңсыз білім алуына мүмкіндік жасау базасы толықтырылып, оқу дәрісханалары   ыңғайлы, бейне көрсетілімдер үлгілерімен жабдықталған. Университет өзінің жанжақты қызметін кең ауқымда жүргізіп, қарқынды дамып, жастардың бойында азаматтық, ұлтжандылық сезімдерін, ұрпақтар сабақтастық дәстүрлі үрдісін қалыптастыруда зор еңбек етуде.Қазіргі уақытта интранет корпоративті жүйесіне негізделген кредиттік оқыту технологиясы толық жолға қойылған, жастарға арналған интернеторталығы, студенттер қалашығын толық қамтитын Wi – Fi сымсыз желісі тартылған. Қазіргі таңда әлФараби атындағы ҚазақҰлттықУниверситетіқарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда белсенді жүзеге асырып отырған білім ордасы.

Білім көкжиегін кеңейтіп, әр салада маман дайындайтын кезіндегі қанат қақтырған оқу орны түлектердің есімін бүгінде республика көлемінде, әлемдік деңгейде танытып жүр. Ілім жолындағы асқақ арманын жиып келген талай жасты қарашаңырақ құшақ жая қарсы алып, озық тәжірибе мен ғылымның биігін бағындырған білікті ұстаздар білім нәрімен сусындатуда.

Қазақ билігінде, саясат пен заңды қатар алып жүріп, мемлекет ісіне белсене атсалысып-ақ жүр оның түлектері.

«Сен де бір кірпіш – дүниеге

Кетігін тап та бар, қалан» – деген еді Абай атамыз. Ғұламаның ұлағатты ойы ҚазҰУ – дегі әрбір студенттің ұстанар ұраны, мызғымас, берік мақсаты.

Студент мүддесін басты орынға қойып, ілім беруде озық ойлы ұстаздар күндіз – түні талмай еңбек етуде.

 

Шәкен Перизат, Қытайтану кафедрасының 1 курс студенті.

Жетекшісі: Нұртәліп  Шарыпқазы, Қытайтану факультетінің аға оқытушысы.

 


Пікір жазу
  • ҚазҰУ еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі болып саналады
    Туберкулездің алдын алу

    Ұқсас тақырыптар