Қазақстанның бітімгерлік миссиясы іске асуда

Уақыты: 2019-06-06 Көрлімі: 198 Сипаттама

Егемендік алған сәттен бастап Қазақстан сыртқы саясаттағы стратегиясында басымдық бе...

D3R7Ofyd.jpg

Егемендік алған сәттен бастап Қазақстан сыртқы саясаттағы стратегиясында басымдық берілетін принциптерді іздей бастады. Мұндай принциптер Қазақстанның халықаралық қоғамдастық алдында өзін қалай таныту тұрғысынан маңызды еді.

Өте айбатты ядролық әлеуеті бар елдің осы басымдықты пайдаланып, әлемдегі саяси күштердің арасында нық отыруға ұмтылатын жас мемлекет болуы керектігін ойлаған адамдар мемлекет ішінде де, шетелде де көп болды.

Көпвекторлылықты таңдау

Бұл кезең жайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деді «Жас мемлекет үшін тырнақалды сыртқы саяси қадамдар ауырға соғады... Сыртқы саяси бағытты қалыптастырудың негізгі қиындығы елдің өз тәуелсіздігін тыныш та тұрақты жағдайда емес, мүлдем жаңа геосаяси жағдайда бастауында болатын. Дәл осындай кезеңде мемлекеттің Қазақстанның мүдделеріне тікелей немесе жанама әсері бар халықаралық процестердегі ұстанымдарын мүлтіксіз белгілеу қажет болатын».

Бұл сын-қатерлер көптеген державалардың мүдделері тоғысқан мемлекет ретінде елдің сыртқы саяси бағытын іске асыру тәсілдерін айқындады. Бұл фактор Елбасының сындарлы сыртқы саяси стратегиясының арқасында бізге дамудың жаңа перспективаларын беретін біздің артықшылығымызға айналды. Таңдау көпвекторлыққа түсті. Осы ұстанымдар Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен Даму стратегиясында көрініс тапты.

Елдің сыртқы саяси доктринасының аса маңызды негізі ынтымақшылдық пен бейбітшілік болды. «Біз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бейбіт сипатын әйгілеп, шекаралардың бұзылмау принципін нақтыладық және соғысты мақсатқа жетудің тетігі есебінде жоққа шығарып, Қазақстанның әлемдік экономика мен Еуразияның геосаяси картасындағы өз орнын табуға деген ниетін ұқтырдық. Стратегия қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыттарын белгіледі. Олар «ТМД» – жаңа тәуелсіз мемлекеттер, «Азия-Тынық мұхит аймағы» – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, «азиялық», «еуропалық» және «америкалық» бағыттар – сәйкесінше, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, АҚШ пен Латын Америкасы болатын», - деді Н.Ә. Назарбаев.

Көпполярлылық, еуразияшылдық және бейбітшілік сүйгіштік – Қазақстанның бүгінгі күнгі сыртқы саяси қызметінің мазмұнын анықтайтын негізгі постулаттар. Елбасы бағытының сабақтастығын жүзеге асыра отырып, Президент Қ.К. Тоқаев осы негіздерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырды.

Қ.К. Тоқаев өз сұхбатында «Көпвекторлы стратегия алдағы уақытта да Қазақстан дипломатиясының басым бағыты болып қала береді.Бұл стратегияның нәтижесінде біз мемлекетаралық қақтығыстардан, аймақтық текетірестерден алыс болдық. Әлем бізді бітімгер мемлекет ретінде таныды. Бітімгерлік миссиясы бүгінде еліміздің сыртқы саясатының басымдығына айналды. Қазақстанды Азиядағы бейбітшілік платформасы деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Ресей, Қытай, Еуропа, АҚШ, Орталық Азия, Ислам әлемі елдерімен ынтымақтастыққа баса мән береді»,- деді.

Елбасының бағытымен

Елбасының бейбіт әлем құру жөніндегі бастамаларын жалғастыра отырып, Қ.К. Тоқаев халықаралық беделді ұйымдардың өкілдері-ЕҚЫҰ төрағасы Мирослав Лайчак, БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харе және Жан-Пьер Лакруа, Еуроодақ төрағасы Д. Тускпен және тағы басқалармен кездесу өткізді. Бұл кездесулер Қазақстанның әлеммен әрі қарай өзара іс-қимылының жолдарын сипаттады:

·         Қазақстан – Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктесі, энергетикалық және көлік салаларындағы, цифрлық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге баса назар аударады.

·         Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін жақтайды, бітімгершілік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастыққа дайын.

·         Қазақстан ЕҚЫҰ құрамындағы әрекетін жалғастырады, оның мүшелері халықаралық дағдарыстарды реттеуде республиканың стратегиялық рөлін ерекше атап көрсетеді.

Сонымен қатар, «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбындағы XII Астана экономикалық форумы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы сияқты әлемдік диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Бұл қадамдар Қ. Тоқаевтың Елбасы бастаған бастамаларды іске асыру арқылы сабақтастықты қамтамасыз ететінін айқындады. Сондай-ақ, оның істерін жалғастыра отырып, ірі халықаралық ұйымдардың қатысушысы және бейбіт процестердің модераторы ретінде халықаралық ынтымақтастықтың жаңа қырларын іздеуде батыл шешім қабылдайтынын көрсетті.

Сириядан отандастарымызды қайтару жолында мемлекет тарапынан жасалған жұмыстардың маңыздылығын атап өту керек. Осы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында отандастарымызды қайтару бойынша үш арнайы операция жүргізіліп, 200-ден аса әйел мен 300-ге жуық бала елге оралды. Әлемдік қоғамдастық өкілдері бұл шараларды жоғары бағалады.

Тәжірибелі дипломат, мемлекет қайраткері және патриот Қ.К. Тоқаев жаһандық және өңірлік бастамаларды іске асыруды көздейді, бұл жаһанданып жатқан әлемдік қоғамдастықта туындайтын қауіп-қатерлерді ескере отырып, бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтудың сенімді қолдаушысы ретінде Қазақстанның ұстанымын нығайтуды жалғастырады.

 

toqaev2019.kz

Пікір жазу
  • Грант пен бюджеттік несие: Мемлекет ауыл халқына қандай қолдау көрсеткелі отыр
    Қ. Тоқаев: Түрлі пікірлер бола алады, бірақ, бізде ұлт біртұтас