Қ. Тоқаев: Түрлі пікірлер бола алады, бірақ, бізде ұлт біртұтас

Уақыты: 2019-06-10 Көрлімі: 1222 Сипаттама

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауының қорытынд...

fb888748aac9c4f046df482b1bce9e26.jpg

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді.

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, сайлаудың жоғары деңгейде, ашық әрі әділ өткенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлау үдерісін 1000-нан астам халықаралық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ, 40-тан астам елден келген 350-ге жуық журналист бақылады.

Баспасөз конференциясына 66, соның ішінде 22 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының атынан 107 тілші қатысты. Өткен президент сайлауына, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа 30-ға жуық сұрақ қойылды. Соның ішінде, Мемлекет басшысы жеке мәселелерге байланысты бірқатар сауалға жауап берді.


Журналистер Қасым-Жомарт Кемелұлына митингтер туралы, полиция әрекетіне қатысты, сайлауға бойкот жариялау, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларының ұстанымы жайында сұрақ қойды. Сонымен қатар, Президент Сирия қақтығысы, Ресеймен, Қытаймен және басқа да елдермен қарым-қатынас туралы пікірін білдірді. Сондай-ақ, осы жиында қазақстандықтарды мазалап жүрген билік транзиті, әлеуметтік желілердің бұғатталуы, жемқорлық, АЭС құрылысы, халықты әлеуметтік қорғау, Парламент сайлауы мен Үкіметтің отставкасы, осы сайлаудағы бәсекелестердің платформалары мен ұсыныстарына құлақ асу мәселелері де айтылды.

db3cca006847d3ee9736afe2ba9f97f1.jpg

Мемлекет басшысы әрбір азаматтың пікірін білдіруге құқы бар екендігін айтып, бұл орайда өзара іс-әрекеттер конструктивті диалог форматында болуы тиістігін ескертті. 

«Азаматтар тарапынан айтылған наразылықтарға қатысты айтар болсам, онда диалог форматын түбегейлі түрде ұсынуы тиіс деп санаймын. Мен Қоғамдық сенім комитеті құрылатындығын бұған дейін айттым. Оның құрамына біздің қоғамның түрлі топтарының өкілдері кіреді және онда біз пікір алмаса аламыз. Менің түбегейлі ұстанымым: түрлі пікірлер бола алады, бірақ, бізде ұлт біртұтас. Пікір әртүрлі - халық біртұтас»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, наразылық шерулері кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерін әдейі арандатқаннан кейін, олардың тарапынан қажетті шаралар қабылданған.
"Бұл азаматтар шеттен келетін ақпаратты тұтынып, заңсыз әрекеттерге барған, басқа азаматтардың өміріне қауіп төндірді. Азаматтар полиция органдарына жүгініп, олардың тыныштығын қамтамасыз етуді сұраған. Сондықтан мен мүмкіндікті пайдаланып, өз қызметін кәсіби және абыроймен атқарған полиция қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді", - деді Тоқаев.


Мемлекет басшысы қазіргі Үкімет отставкаға кетпейтінін, кадрлық тағайындаулар болатынын жеткізді.

«Біздің заңнамаға сәйкес Үкімет қазір отставкаға кетпейді. Дегенмен нақты кадрлық тағайындаулар болады. Оның ішінде мен уәде еткен Үкімет мүшелеріне жаңа тұлғалар қабылданады. Олардың қатарында жас буын өкілдері де болады. Жалпы жастарға байланысты айтар болсам, өте қабілетті кадрларды қабылдау керек деп есептеймін. Президенттік кадр тізімін құрамыз. Оның құрамына барлық аймақтан 300 адам кіреді. Бұл тізімді жаңартып отырамыз. Бірақ ең басты мақсат – жастарды мемлекет басқаруға жұмылдыру. Қазақстанның болашағы жастарға тиесілі. Бұл – өмір заңы. Сондықтан осы бағытта жұмыс істейміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қазақстанның бітімгерлік миссиясы іске асуда
    Дүкен Мәсімxанұлы "Қытайтану ғылыми иниститутының" директоры болып тағайындалды