Алматы қаласының маңындағы аймақтарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

Уақыты: 2019-08-08 Көрлімі: 169 Сипаттама

7 тамызда Алматының шеті мен Алматы облысының жақын орналасқан аймақтарын дамыту мәсел...

5BED6673-0EE2-45B3-A328-5439EB35F54A.jpeg

7 тамызда Алматының шеті мен Алматы облысының жақын орналасқан аймақтарын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Оның жұмысына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және Алматы облысының әкімі Амандык Баталов қатысты, деп Алматы қаласының Баспасөз қызметі xабарлады.

Кездемуде мегаполистің шет және облыстың шекаралас елді мекендері тұрғындарының әлеуметтік проблемаларын өзара ақылдаса отырып, шешу талқыланды. Негізгі мәселелер құрылымы анықталды, олар – тұрғын үй мен әлеуметтік объектілер салу, көлік-жол инфрақұрылымын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік әлеуетті дамыту. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы еңбекпен қамту мен жұмыс орындарын ашуға назар аударылды.

Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өзінің сөзінде қолжетімді үй салу үшін қалада бос жердің тапшы екенін айтты.Тұрғын үйге деген сұраныс құрылыс қарқынынан басым. Үй кезегіндегілер саны жыл сайын 10%-ға артып, 2400 мың адамды құрайды. Мәселені шешудің бір жолы 2015 жылғы тәжірибе бойынша облыс аумағында тұрғын үй салу, сол кезде Алматы қаласының 900-ден астам үй кезегіндегілер Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» ТК пәтер алған болатын.

Көлік қатынасын дамыту үшін қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала маңына тасымалдаумен қалалық муниципиалды және жеке автопарктер айналысатын болады. Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тасымалдау ережесі күшейтіледі. Білім басқармасы тасымалдаушылармен және колледждермен бірге жүргізушілер мен сервистік қызметшілер құрамын оқыту мен қайта оқытуды қолға алады. Міндет – жалпы жүргізушілік мәдениетін арттыру.

Айта кетерлігі,көлік өткізу қабілетін арттыру үшін қалада жолайрықтар салынып, үңгілеу жұмыстары жүруде. «Алтын-Орда» базары маңындағы жолды тез арада кеңейту қажет. Радиалды жолдар жылдамдатқан жөн. Жаңа жол құбырлары мен инженерлік желілерді салу келісіп атқарылады.

5EBA2D24-CE7C-42D6-A392-DA72B9DD9549.jpeg

Алматыны азық- түлікпен қамтамасыз ету – үйлескен іс-қимылды қажет ететін маңызды мәселенің бірі. Алматы – еліміздің ірі тұтыну нарығы. Соңғы 5 жыл ішінде қала тұрығндарының саны 20%-ға өсіп,1,8 млн адамнан асты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді - көкөністі,ет пен сүт өнімдерін, жеміс-жидекті,түрлі жармаларды тұтынудың жыл сайынғы көлемі 1,1 млн тонна.

Алматы облысы қалаға ауылшаруашылық өнімдерін басты жеткізуші бола алады. Алайда, қазір тұтыну көлемінің жартысынан азы ғана жеткізілуде.

Ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау мен жеткізу жүйесін арадағы делдалсыз дұрыс жолға қою тұрғындарға қолжетімді өнімдер сатып алуға мүмкіндік береді.

Алматы әкімі еңбекпен қамту және жұмыс орындарын ашу мәселесіне ерекше назар аударды. Ол үшін шет аймақтар мен қалаға жақын орналасқан елді мекендерде тұрғындар қажеттілігі мен еңбек нарығын ескере отырып, шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Жаңа жұмыс орындарын ашудың драйвері туристік әлеуетті дамыту болып табылады. Мамандардың мәліметі бойынша Алматыға келген шетелдік туристердің 80 проценті облыстың туробъектілерінде болуды қалайды екен.

Қолжетімділік пен жайлы жағдайды қалыптастыру үшін көлік және жолжиегі инфрақұрылымдарын дамыту қажет. Алматыдан ыңғайлы автобустармен шығатын туристердің Алматы облысында орналасқан ұлттық парктерде болуын ұйымдастырған жөн.

«Бүгінгі әңгіменің Алматы мен Алматы облысының шекаралас аймақтарында жаңа игілікті істердің пайда болуына ықпал ететініне сенімдімін. Бұл біздің бірігіп атқаратын ауқымды жұмыстарымыздың бастауы болады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • "ТҮРКІСТАН - ҚЫЗЫЛЖАР - ҚОСТАНАЙ - КӨКШЕТАУ" АҚПАРАТТЫҚ ТУРЫ БАСТАЛДЫ
    Жоғарғы палатадағы – жаңа есімдер: Жаңа сенаторлар жайлы не білеміз