Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады

Уақыты: 2019-08-20 Көрлімі: 932 Сипаттама

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына монито...

ba3943b513ba817db7c78263e079414f_crop_l_1_t_6_w_778_h_437.jpg

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізетін онлайн платформа құруды ұсынды, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Оған кез келген тұрғын әлеуметтік маңызы бар тауар фотосуретін жібере алуы тиіс. 

«Қазіргі уақытта Статистика комитеті әр сейсенбі күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолмен жинақтайды. Ресми статистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланады. Ал дамыған елдерде бағаны мониторингтеуге халық қатысады. Яғни, кез-келген азамат тауар бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сайтына жібере алады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, аталған жүйе арқылы аймақтардағы және нақты дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн режимде бақылауға болады. 

«Сіздің қолдауыңызбен біз осы жүйені құруға және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», - деп Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге. 

Өз кезегінде Үкімет басшысы министрліктің онлайн-платформа туралы ұсынысын мақұлдады.

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 24,5 миллион адамға жетеді
    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады