АҚШ әлемдегі ең мықты суперкомпьютерді іске қосты

Уақыты: 2019-09-09 Көрлімі: 90 Сипаттама

Техас университетінде Фронтера атты ең жылдам суперкомпьютер іске қосылды. Мықтылығы...

a63ab7c7d25704464d68ca3cbe0a4338.jpg

Техас университетінде Фронтера атты ең жылдам суперкомпьютер іске қосылды. Мықтылығы жағынан бұл әлемдегі бесінші жүйе, деп жазды Научный Факт телеграмм каналы.

Frontera жақын аралықта Microsoft, Google және Amazon бұлтты провайдерлерімен біріктіріледі. Ол зерттеушілер үшін жаңа компьютерлік технологияға және ұзақ мерзімді сақтау жүйесіне рұқсат береді.

«Ғылыми мәселелер ең үлкен және күрделі масштабтарды есептеуді, анықтауды қажет етеді. Міне осы үшін Frontera қажет. Frontera-ның анықтау мүмкіндігі ең күрделі деген ғылыми қосымшаларды сүйемелдей алады. Онымен қазір америкалық ғалымдар жұмыс істеп жатыр», - дейді NSF компьютерлік және ақпараттық ғылым жөніндегі директорының орынбасары Джим Куроза.

Аталған жүйені жасау үшін Ұлттық ғылыми қордан 60 миллион доллар инвестиция тартылған. Frontera мәліметтер мен жасанды интелектіге талдау жасау, моделдеуді қолдану сияқты мүмкіндіктері бар. Маусым айынан бастап 30-ға жуық ғалымдар тобы осы суперкомпьютердің көмегімен климатты моделдеу, дәрі-дәрмек жасау сияқты көптеген зерттеулер жасаған.


Дереккөз: Baq.kz

Пікір жазу
  • Несиесі кешірілгендердің келешекте басқа несие алуына ешқандай кедергі жоқ
    Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын қабылдады