Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жазылу ережесі түсіндірілді

Уақыты: 2019-10-14 Көрлімі: 1060 Сипаттама

ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы Telegram-каналында қабылдауға жазылу ереж...

51e336d0dceea31c09c1a19b8a7ad411-896x597.jpg

ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы Telegram-каналында қабылдауға жазылу ережесі түсіндірілді. 

Виртуалды қабылдауға жазылу үшін akorda.kz сайтына кіріп, «Виртуалды қабылдау» бөліміне тіркелу қажет. Тіркелу бойынша қадамдық нұсқаулық жазылу процесін автоматты түрде реттейді. Бірақ, «электронды цирфлық қолтаңба» болуы міндетті. 

Ал Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің қабылдауына мына телефондар арқылы жазылуға болады: +7 7172 74 17 96 және +7 7172 74 97 06. 

Азаматтарды қабылдау кестесі akorda.kz сайтының «Президент Әкімшілігі – азаматтарды қабылдау» бөлімінде орналастырылған.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қазақстанның алтын қоры 9,2%-ға өсті
    Қ. Тоқаев: Экономиканы дамытуға жаңа ойлар, жаңа әрекеттер қажет