Нұр Отан ұстаздарды қолдауды қолға алды

Уақыты: 2019-11-14 Көрлімі: 1005 Сипаттама

«Nur Otan» партиясының құқықтық кеңес мүшелері педагог мәртебесін заңнамалық тұрғыдан қа...

191114150244527a3585278i.jpg

Қазіргі парламент "Ұстаздар мәртебесі" туралы заңды талқылап жатыр. Министр Асхат Аймағамбетов те алдағы 4 жылда ұстаздардың жалақысы 200 пайыз өсетінін айтқан болатын. Енді бұл басамаға еліміздің бас паптиясы да үн қосты. 

«Nur Otan» партиясының құқықтық кеңес мүшелері педагог мәртебесін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кеңейтілген отырысқа жетекші партияның басшылары, ұстаздар қауымы мен уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елімізде 2000-ға жуық жаңа мектеп және 900 балабақша ашылғанын атап өтті.

Апатты жағдайдағы мектептер саны соңғы 5 жылда 4 есеге азайды. Мұғалімдердің жалақысы 1997 жылдан бері 17 есеге өскен. Елбасының тапсырмасымен әрбір қазақстандық отбасыға қатысы бар «Педагог мәртебесі жайлы» заң жобасы әзірленді.

«Қазір білім саласында жарты миллионнан астам қазақстандық жұмыс істейді. Олардың 81% әйелдер. Тамыз конференциясында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мұғалім мәртебесі биік деңгейге көтерілу керек деп атап өтті. Жыл сайын дипломды мамандардың саны артқанымен, педагогтарға деген сұраныс азаймай отыр. Педагог мамандардың 35% басқа салаға кетіп қалады. Білікті мұғалімдерді мектептерге, әсіресе, ауылдық жерлерге тарту механизмі мардымды жұмыс істемей тұр. Бұл шешуге тиісті мәселелердің бір бөлігі ғана», - деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеу үшін ғалымдар, мұғалімдер, заңгерлер, депутаттар және білім саласы кәсіподақтарының өкілдерінен құралған жұмыс тобы жасақталған. Жыл бойы елімізде көптеген кездесулер өткізілді, 8600-ден аса ұсыныс түсті.

«Партия мүшелерінің 30% - педагогтар, сондықтан «Nur Otan» заң жобасының әзірлену барысын ерекше бақылауда ұстап отыр. Педагог құқығын кеңейту және оның әлеуметтік мәртебесін жақсарту мәселесі бар. Әңгіме, бәрінен бұрын, мұғалімдерді материалдық тұрғыдан және басқа да ынталандыру жағдайларын туғызу, қажетсіз тексерулерден арылтып, шығармашыл және нәтижелі жұмыс істеуге жағдай жасау туралы болып отыр. Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан заң жобасы бойынша таяу 5 жылда жалақыны өсіру, ұстаздық шеберлік пен сынып жетекшілігі үшін үстемақы қосу, еңбек демалысы мен басқа да ынталандыруларды қамтитын 5,2 триллион теңге бөлінеді деп мөлшерленуде. Бұның барлығы Елбасы мен Президент саясатының сабақтастығының нәтижесі», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Міне бұның бәрі қоғамда ұстаз мәртебесін көтеру үшін жүріп жатқан шаралардың нақты көрсеткіші. Минстр Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеру туралы да Ректорларға тапсырма берген. Бұның бәрі елімізде қызмет етіп жатқан неше мыңдаған ұстаздарға шабыт берері анық. Мемлекеттен қолдау болса, ұстаздар ешқашан үйретуден балаға жалықпайды. 

Тұрдыбек Құрметқан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы



Пікір жазу
  • 10 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,4% құрады
    Үкіметтің кезекті отырысында не талқыланды?