Тоқаев: Бұл бастама – ұлтты ұйыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет

Уақыты: 2020-02-12 Көрлімі: 1385 Сипаттама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқа...

Capture.JPG

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына, Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы, салт-дәстүрі. Сондықтан, бәріміз міндетті түрде бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Бұл бастама – ұлтты ұйыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет деді. 

«Волонтерлер қозғалысы азаматтық қоғамды одан ары дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік дегеніміз – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып әрекет ету. Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы, салт-дәстүрі. Сондықтан, бәріміз міндетті түрде бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Бұл бастама – ұлтты ұйыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет. Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға тұтас ұлт болып, атсалысуымыз қажет. Осында отырған волонтерлердің барлығы – сіздер еліміздің патриотысыздар. Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес, бұл –халық үшін атқарылатын күн сайынғы еңбегіміз. Бұл – жанның жай-күйі, ауқымды білім мен өзін ұстаудың үлгілі мәдениеті. Мен сіздерді осы үшін қатты құрметтеймін», - деді мемлекет басшысы.

Президент халқымыз өзгенің басына түскен жағдайға ешқашан бей-жай қарамайтынын айтып өтті. 

«Бүгінде еліміздің азаматтары мұқтаж жандарға қол ұшын беруге әрдайым дайын екендіктерін көрсетіп келеді. Арыс оқиғасы - соның айқын дәлелі. Төтенше жағдай кезінде Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған волонтерлер зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қаланы қалпына келтіруге белсене атсалысты. Біздің халқымыз өзгенің басына түскен жағдайға ешқашан бей-жай қарамаған. Бұған күнделікті өмірден көптеген мысал келтіруге болады», - деді ол.

Мемлекет басшысы биылғы барлық бастамалар мен игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейтінін айтты.

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы зор ондаған жалпыұлттық жоба қолға алынды. Волонтер жылының басты ұраны - БІРГЕМІЗ. Сондықтан биылғы барлық бастамалар мен игі-істер халқымыздың бірлігін бекемдейді деп сенемін. Мен ұсынған «Әралуан пікір - біртұтас ұлт» тұжырымы осындай шаралар арқылы жүзеге асырылуы керек. «Алдағы кезеңде біз бірқатар маңызды мәселеге айрықша назар аударуға тиіспіз. Ең алдымен жастар жылының жабылуына арналған шарада мен біздің қоғамыздың нақты мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар жобаны атаған едім. Ауылдағы жастар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ардагерлер мен зейнеткерлер көмекке мұқтаж. Әсіресе науқастардың бейімделуіне және күтіміне қол үшін беру құнды бола түспек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Пікір жазу
  • А. Мамин: Халықтың нақты табысын арттыру жұмыстарын күшейту қажет
    Қазақстанның электрондық сауда нарығы 2019 жылы 700 млрд теңгеден асты