Коронавирус әлемдегі көлік саласына және туризмге кері әсерін тигізуде

Уақыты: 2020-03-03 Көрлімі: 143 Сипаттама

Сарапшылар COVID-19 коронавирусының таралуы салдарынан бүкіл әлемдегі көлік саласына айт...

photorep_imageid_543128_b18128c6401cdfc15803027681-1300x675.jpg

Сарапшылар COVID-19 коронавирусының таралуы салдарынан бүкіл әлемдегі көлік саласына айтарлықтай шығын келтіретінін айтуда, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Өткен аптада Іскерлік саяхат жаһандық қауымдастығы коронавирустың «бизнес сапарлардың бүкіл әлемдік индустриясына қауіп төндіріп отырғанын», бұл сектор айына 46,6 млрд доллар шығынға ұшырайтынын болжаған. Егер жағдай түзелмесе, шығындар 2020 жылға жалпы болжанған шығындардың 37 пайызын құрауы мүмкін.

Іскерлік туризммен айналысатын 400 компаниядан сұрау жүргізу барысында фирмалардың шамамен үштен екі бөлігі кем дегенде бірнеше кездесу немесе шараларды өткізбей қойғаны анықталды, ал 55-і өз табыстарының айтарлықтай азайғаны туралы хабарлаған.

Компаниялар тек Қытай еліне емес, сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея, тіпті Еуропаға сапарлауды тоқтатты. Amazon, Google және Apple сияқты ірі компаниялар сапарлауға шектеу қойғанын жариялап, Азиядағы кейбір кеңселерін жауып тастады.

Өз кезегінде, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әуе компанияларының шығындары Азия-Тынық мұхиты аймағында жолаушылар санының азаюы салдарынан 29 миллиард долларды құрайтынын болжап отыр.

Вирустың таралуы теңіздегі жолаушылар тасымалына да әсерін тигізген. Соңғы апталарда криуиздік лайнерлерде ауру тарап жатқаны, ондағы карантиндер туралы көп ақпарат таратылды.

Халықаралық круиздік желілер қауымдастығы круиздік лайнерлерге ие компаниялардың Қытай немесе Оңтүстік Кореяда болған, немесе вирусты жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды өз кемелеріне отырғызбауы тиіс екенін хабарлады.

COVID-19 вирусы көлік иелеріне де кері әсерін тигізген. S&P Global Ratings рейтинг жүргізу агенттігі көліктердің әлемдік сатылуы 3,6 пайызға түсетінін болжаған. Бұған негізінен Қытай елінде көліктерге сұраныстың 5 пайызға төмендейтіні туралы болжам себеп болып отыр.


Пікір жазу
  • Асқар Мамин: Әлемдік сауда процестерін тежеуші басты фактордың бірі – коронавирус болып тұр
    Үкімет пен Ұлттық банк мұнай нарығындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

    Ұқсас тақырыптар