Экономикалық өсімді қалпына келтіру жоспары 160-тан астам шараны қамтиды

Уақыты: 2020-05-19 Көрлімі: 511 Сипаттама

Қазақстанның жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жос...

1551091707_news_b.jpeg

Қазақстанның жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспары 160-тан астам шараны қамтитын 10 негізгі бағыттан тұрады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты. 

«2020 жылдың соңына дейінгі экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірлеу үшін Үкіметте ауқымды жұмыс атқарылды. Мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, «Атамекен» ҰКП және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен 3 раунд кездесу өткізілді. Жеке сектордың 250-ден астам ұсынысы мұқият қарастырылды. Олар барынша ескерілді», - деді ол.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, бірлескен талқылаудан кейін кешенді жоспар жобасына нақты мерзімдер мен қажетті қаржыландыруды айқындай отырып, салалық және жалпы жүйелік шаралар енгізілді.

«Жалпы, кешенді жоспар экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға, инвестиция тартуға, нақты секторды қолдауға, сервистік экономиканы қалпына келтіруге, сапалы цифрландыруға, сондай-ақ ынталандырылатын ақша-кредит саясатын жүргізуге бағытталған 160-тан астам шараны қамтитын 10 негізгі бағыттан тұрады. Қалыптасқан шаралар экономиканы тұрақтандыруға, оның одан әрі сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов.


Пікір жазу
  • Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады
    Қ. Тоқаев: Одаққа мүше елдердің тауар таратудың ортақ жүйесін құруын ұсынамын

    Ұқсас тақырыптар